Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір мемлекет Иранға соққы жасады – БАҚ

иран жарылыс

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Иранға алғаш рет соққы жасаған болуы мүмкін. Израильдің Ynet порталының мәліметінше, шабуылдың нысанасы Ирандағы су тұщыту зауыты болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Израиль билігінің пікірінше, бұл соққы БАӘ-нің қақтығысқа толық араласқанын білдірмейді. Олардың бағалауынша, Парсы шығанағындағы бұл мемлекеттің әрекеті шектеулі сипатта болған және Тегеранға энергетикалық инфрақұрылымға жасалатын шабуылдарды тоқтатуды талап еткен ескерту ретінде жасалған.  

Бұған дейін БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы бергі алғашқы көпшілік алдындағы сөзінде елдің соғыс жағдайында өмір сүріп жатқанын мәлімдеген. Шейх елдің Қарулы күштеріне "осы соғыс кезіндегі" рөлі үшін алғыс айтып, күштік құрылымдарды "елге адал қызметі" үшін мақтады. Сондай-ақ ол БАӘ-дегі шетелдік резиденттердің үлесін жоғары бағалады.

Еске салайық, Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сенбі, 7 наурыз күні Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жасалғанын хабарлаған еді. 

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Наурыз, 2026 17:31