Тағы бір қазақстандық БАҚ Конституция бойынша сұрақтар қойғаны үшін айыппұл арқалады

Фото: Istock.com
Қостанайдағы аймақтық "Наша газета" оқырмандарға Конституция туралы сұрақтар қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
11 ақпанда сағат 17:00-де "Апта сұрағына" жауаптар жинаған. "Наша газета" басылымның бас редакторы Тимур Гафуровтың сөзінше, сол уақытқа дейін президент жарлығы әлі шыққан жоқ.
Апталық "Наша газета" баспагері "Твой Шанс" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Судья баспагерді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 1-бөлігі “Сайлауға байланысты қоғамдық пікірді сұрау салу шарттарын бұзу” бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 30 АЕК (129 750 теңге) айыппұл салынды. Іс Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар сотында қаралды.
Прокуратураның мәліметінше, "Наша газета" конституциялық түзетулер туралы қоғамдық пікір сауалнамасын заңды бұза отырып жүргізген. Сауалнаманы жүргізген заңды тұлғаны немесе оған тапсырыс берген және төлеген адамды көрсетпеген.
Газет өзінің "Апта сұрағы" айдары қоғамдық пікір сауалнамасы емес екенін және бұл сұрақ референдум жарияланғанға дейін оқырмандарға қойылғанын мәлімдейді.
Еске салсақ, бұған дейін де қазақстандық БАҚ Конституция бойынша референдумға қатысты сауалнама үшін айыппұл арқалады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған