Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді әлі қыздай сезінемін": Баян Мақсатқызы ана болуға қатысты жоспарын бөлісті

50 жасында екі рет ана атанған Баян Мақсатқызы ана болуға қатысты жоспарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Өнер иесі бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісіп, тек қыздардың ғана анасы болғанына шексіз бақытты екенін жасырмады. 

“Менің жасым 50-де болса да, өзімді қартайып жатырмын деп есептемеймін. Екі немеренің сүйікті әжесімін. Үшіншісін күтіп отырмыз. Тіпті, балаларыма не беріп үлгеремін деп уайымдамаймын. Ұзақ жас пен денсаулық болса, балаларыма әлі көп дүние бере аламын. Олар мен сияқты ананың баласы болғанына бақытты болуы керек деп ойлаймын. Тобырлық сана да жоқ менде. Менде міндетті түрде "ұрпақ жалғастыру үшін ұл тууым керек" деген түсінік те жоқ. Егер сен елдің патшасы немесе ханзада болсаң, ұрпақ қалдыруыңа болады. Қазір шын ниетіммен айтып отырмын, тек қыздардың анасы болғаным үшін бақыттымын. Қазір оны түсіндіріп жеткізе алмаймын. Мен ұл тәрбиелей алмаймын. Баланың тәрбиесімен ең алдымен ана айналысады. Әкесі тәрбиеге қанша араласса да, анасы көп рөл атқарады", – деді продюсер. 



Сондай-ақ актриса жолдасы Тұрсен Алагөзов екеуі екі жылдан кейін тағы да бала сүюді армандап отыр.

“Бізде тағы бір бала бар. Екі жылдан кейін оны да дүниеге әкелеміз деп ойлаймын. Ең маңыздысы – денсаулық. Қазір мен өзімді жас қыздай сезінемін. 30 жастан кейін өзімді өзгердім деп айта алмаймын. 30 жасымда қандай болсам, бүгін де дәл сондаймын. Менің көңіл-күйім мен қабылдауым басқа да сезімдерім сол отыз жастағыдай", – дейді Баян Алагөзова.

Еске салайық, Баян Мақсатқызы екі қызына төрт бала күтушісін жалдағанын жазған едік. 

Талқылау