Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тағы 10 миллион бөлінді ме?": Алматы метросындағы уақытша қоршаулар тағы да талқыға түсті (видео)

Желіден Алматы метросындағы жаңартылған уақытша қоршаулардың видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

TikTok қолданушысы Алматыдағы метро станцияларының біріндегі жаңартылған уақытша қоршаулардың видеосын жариялады. Видеодан уақытша қоршаудың ішінде әйнек пайда болғанын байқауға болады.

"Тағы 10 миллион бөлінді ме?", "14 миллион теңге бөлінгенге ұқсай бастады", "Жақында ол жерде жарнама пайда болады", – делінген видеоға жазылған пікірлерде. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы метросындағы уақытша қоршауларды орнатуға 14 миллион теңге бөлінгені туралы ақпарат тараған еді. Алматы қаласы әкімдігі "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қоршауларға қанша қаржы бөлінгені туралы нақты жауап беруден бас тартып, ақпаратты растамады да, теріске де шығармады. 


"Аяғы қысылып қалған": Алматылық қыз 26 жастағы жігіттің метрода пойыз астына қалай құлап кеткенін айтып берді


"Қоршаулар вагондар арасындағы кеңістікті жабуға арналған және кәсіпорынның қаржысымен метрополитеннің шығындары есебінен орнатылды. Бюджет қаражаты тартылған жоқ. Бұл тұрақты платформа есіктері (screen doors) орнатылғанға дейінгі жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім. Screen doors жүйесін орнату үшін айтарлықтай уақыт қажет, себебі алдымен жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, сондай-ақ қаржыландыруды және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуді талап етеді", – делінген компания жауабында. 

Еске салсақ, 2024 жылдың 10 желтоқсанында Алматы метросында көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт рельске құлап, көз жұмғаны туралы жазған едік. 

@almatynskiy_pavel новое видео из алматинского метро #алматы #almaty #метроалматы ♬ оригинальный звук - Pavel Tyulenev
Талқылау