Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таеквондодан тұңғыш әлем чемпиондарына 20 мың доллар мен Changan 5x автокөлігі сыйға берілді

Бейбарыс ҚабыланФото:KTF

Шымкент қаласында Таеквондо (WT) федерациясының жыл қорытындысына арналған "Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" атты салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жиын барысында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, жүлде алған спортшылар мен олардың бапкерлері марапатталды.

Салтанатты кеште Дүниежүзілік жазғы Универсиада, ересектер және 21 жасқа дейінгі таеквондошылар арасындағы әлем чемпионаттары, Азия біріншіліктері, сондай-ақ паратаеквондо мен сурдотаеквондо бағыттары бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға арнайы статуэткалар мен ақшалай сыйақылар табысталды.

Дүниежүзілік жазғы Универсиада – 2025

(Рейн–Рур, Германия)
    •    Самирхон Абабакиров – чемпион
(ақшалай сыйақы және Changan 5x автокөлігі)
Жеке жаттықтырушысы – Нұрсұлтан Мамаев (ақшалай сыйақы)
    •    Дамир Шуленов – қола жүлдегер
(ақшалай сыйақы және арнайы статуэтка)
Жеке жаттықтырушысы – Болат Райбеков (ақшалай сыйақы)

Әлем чемпионаты – 2025

(Уси, Қытай)
    •    Нодира Ахмедова – қола жүлдегер
(20 000 АҚШ доллары және Changan 5x)
Жаттықтырушысы – Давранбек Ризаев (2 000 000 теңге)
    •    Айдана Құмартаева – қола жүлдегер
(20 000 АҚШ доллары және Changan 5x)
Жаттықтырушысы – Ерасыл Жаңабаев (2 000 000 теңге)

21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты

(Найроби, Кения)
    •    Бейбарыс Қабылан – әлем чемпионы
(20 000 АҚШ доллары және Changan 5x)
    •    Батырхан Төлеуғали – әлем чемпионы
(20 000 АҚШ доллары және Changan 5x)
Жаттықтырушылары – Дархан Кыстаубаев пен Николай Жарков
(әрқайсысына 2 000 000 теңгеден)
    •    Тамирлан Тлеулес – қола жүлдегер
(10 000 АҚШ доллары және Changan 5x)
Жеке бапкері – Александр Кан (1 000 000 теңге)


“Мені спортқа анам алып келді, ал әлем чемпионы атануыма мінезім көмектесті”– Таеквондодан тұңғыш әлем чемпионы Бейбарыс Қабылан


Батырхан Төлеуғали таеквондодан әлем чемпионатында топ жарды


Айта кетейік, биыл таеквондодан Қазақстан тарихында тұңғыш рет қос бірдей әлем чемпиондары шықты. Жуырда Кенияда өткен әлем чемпионатында Бейбарыс Қылан мен Батырхан Төлеуғали ел мерейін үстем етіп, алтыннан алқа тақты.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 17:48