"Табысының 10 пайызын аударады": Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқынмен бірігіп мүгедектігі бар балаларға көмектеспек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі мүгедектігі бар қызы Кәусардың құрметіне қор ашты.
"Бүгіннен бастап ол өз табысының 10 пайызын арнайы құрылған қорға аударамын деп шешім қабылдады. Жаңа қордың атауы – "Кәусар". Бұл қордың басты мақсаты – ерекше қажеттігі бар балалардың емделуіне, дамуына және қоғамға бейімделуіне көмек көрсету. Қордың жұмысын Төреғалидің жары Толқын басқарады", – деп жазды журналист Айгүл Мүкей.
-
"Күйеулерің ашуланса, үндемеңдер": Төреғали Төреәлінің анасы жас отбасыларға кеңес берді
-
"Америкадағы оқу не болды": Төреғали Төреәлінің қарындасы діни ұстаз атанбақ
Сондай-ақ әншінің жұбайы Толқын да видеоүндеу жасады.
“Тұңғышымыз Кәусар церебрал сал ауруы болып туды. Ол өмірді басқаша әрі терең түсініп сүреді. Осыған орай отбасылық “Кәусар” қайырымдылық қорын құрдық. Ерекше балалары бар отбасыларға көмектескіміз келеді. Жақында Төрем концерттік турмен елімізді аралайды. Өзім де сонымен баруға ниеттеніп отырмын. Концерттен түскен ақшаның 10 пайызы қордың есепшотына аударылады”, – деді Толқын Тұрарбекқызы.
“Жыл сайын бала туамын деп жақында көз жұмды”: Қазақстандық әйелдер ер адамдардың вазэктомия жасатуын талап етіп жатыр