"Табысымды жаратуға қимаймын": Жұлдыз Өмірғали өзінің туған күніне ерекше сыйлық жасады
Танымал әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали туған күні қарсаңында өзіне ерекше сыйлық алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzomirgali_official/
Өнер иесі 29 жасқа толды. Жары Айқын Төлепберген соңғы үлгідегі қымбат ұялы телефон сыйлаған еді.
“Бірінші рет өзіме бренд сөмке мен белдік сыйладым. Соңғысы болмасын. Туған күніме жасаған сыйлығым. Жылдар бойы тапқан табысымды аяп, қымбат дүние алуға жұмсамаған едім. 29 жасқа келіп, шешім шығардым. Арманым орындалды. Бірақ екітүрлі сезімде тұрмын. Бір жағынан қуанамын, екіншіден басқа дүниеге жұмсауға болатын еді деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар?! Екеуін де тек мерекелік іс-шараларға ғана ұстаймын”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары мен әншінің тыңдармандары туған күнімен жаппай құттықтап жатыр. “Әйел тапқан табысын өзіне ғана жұмсауы керек” деген пікір қалдырды әншінің күйеуі Айқын Төлепберген. Лезде эстрада жұлдызының пікіріне лүпіл көп басылды.
“Еркектердің бәрі сіз секілді ойласа ғой”, “Бренд заттарды жолдасы алып бергені абзал”, “Кеше ғана көріп едім бағаларын, сөмкесінің өзі – 900 мың теңге. Белдігі – 70 мың”, “Айқын дұрыс айтады”, “Жұлдыздың жарқырап жүруі Айқынның арқасы” деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Еске салайық, жұлдызды жұп зәулім үйлерін көрсеткен еді.