Табиғатты қорғау прокуратурасы Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағында жануарларды ұстауға қатысты тергеу жүргізбек
Маңғыстаудың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағында жануарларды ұстау шарттары мәселесін бақылауына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видео кадрларынан
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мамандарын тарта отырып, тексеру жүргізу туралы тапсырма жіберді.
“Қолда бар қосымша ақпарат бойынша еріктілер аталған ұйымдармен байланыса алады. Бұл мәселені табиғат қорғау прокуратурасы бақылауға алды”, – деп хабарлады ведомстводан.
Жануарлардың хайуанаттар бағындағы видеосы тараған еді.
Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 1,5 миллиард теңге болған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"