Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түйіндемені қалай жазу керек: Қызға жұмыс ұсынушылар бірден көбейген

 17 қаңтар күні Киев тұрғыны Алиса  Абасова жұмыс іздеп  жүргені жайлы хабарландыруды  Facebook парақшасына ілген болатын.  Бірнеше күннің ішінде оның түйіндемесі ғаламтордағы «вирусқа»айналды. Жазбасы төрт мың адамға ұнаған, екі мың адам өз парақшасында көшіріп жария еткен.

алисааа

«Сәлем, мен Алисамын. Өзіме жаңа жұмыс іздеп жүрмін. Мен сіздің оң және сол қолыңыз, көзіңіз бен аяғыңыз, миыңыздың бір бөлігі  бола аламын. Түрлі адамдармен жеңіл тіл табысам. Мені балалар, зейнеткерлер, хипстерлер мен шығармашылық адамдары, декреттік демалыстағы аналар мен костюм киген қатал ағалар,гейлер мен лесбиянкалар, бисексуалдар бірден ұнатып қалады.

Барлық нәрсені жасауға әзірмін, ең бастысы өзім жұмыс істейтін компания мен адамға одан  пайда болар болса. Тек еңбегім жұмысыма сай бағалануы тиіс. Әрине мен сізбен бірге мәйіт көмуге бармаймын. Есесіне қалалы жерде оны қалай жасырудың 12 нұсқасын гуглдан тауып бере аламын. Сондай-ақ, оны сізге жасап беретін 5 мекемені тауып беремін. Кез келген затқа тез үйреніп, тез меңгеріп, болған дүниеден жылдам қорытынды шығара аламын.

Еврей әйелдерінің ақылынша өзіме керек кезде  көмегі тиетін адамдардың тізімін жазып алғанмын. Мен ойламаған жерден сізге қажет болып қалса  ветеринар мен ақпанда жерік келіншегіңізге немесе оның құрбысына құлпынай таба аламын. Менің қанымдағы шығыстықтарға тән мінез керек кезінде  үнсіз қалып, қожайынның көңіліне қарай қажет сәтте “Yes, master” сөзін айта аламын.

Тиісінше қажет болса  Абасова ханым бола аламын. Бала бағу мен  есепшілікте, сатушы мен менеджер қызметінде еңбек тәжірибем бар.

Менің жеке ғаламтор дүкенім болған. Желідегі жарнама, затты саудалаудағы алгаритмнен хабардармын. Компьютерлік білімім: Photoshop, Word, Excel, google.

Күнді  жақсы өткізуді ұйымдастыру қолымнан келеді. Уақытты босқа өткізуді ұнатпаймын. Ағылшын тілінде шетелдіктерді жақсы түсінемін, олар мені түсінеді.

Биограиям: Киевте туып өстім. Қаланың барлық бұрышы маған белгілі. Көпшіліктен қашып қайда отыруға болатынын, дәмді асты қайдан ішу керектігін жақсы білемін. Жасым 25-те. Жаспын, күшім тасып тұр. 6 жасар балам бар. Тура осы жаста баланың денсаулығына, емтихандары мен адасып үйленуіне алаңдамаймын. Әжесі немесе күтушісімен қалабереді.

Экстрабонустар: Жоғарыда жүре аламын. Жақсы жазып, жақсы заттарды бірден ажырата алатын қабілетім бар. Француз тілінде 4, немісше 2 сөз білемін(сандарды қоспағанда). Кірпішті суретке түсірген кезімде жұрттар оны тирамису мен еттен айыра алмай қалады. Бөліскендеріңіз үшін рақмет, көрген кезде құшақтап қоярмын. Мұны жазған Алиса»,-деген бойжеткен өзінің түйіндемесінде.

Жазба жарияланған екі аптаның ішінде Киев тұрғынына жұмыс ұсынушылар қатары көп болыпты. Ол тіпті өз жазбасына қатысты осындай реакция болады деп те күтпепті.

«Маған жұмыс бойынша 150 ұсыныс түсті. 20 кездесуге барып қайттым. Ең соңында «Мейрамхана апталығы» жобасын таңдадым. Бұл салада тәжірибем жоқ. Тек өзімді жаңа бағытқа бұрғым келді»,-дейді Алиса Life порталына берген сұқбатында.

Алиса өзіне түскен ұсыныстардың көпшілігі  қызық емес салада болғанын айтады. «Жұмыс бойынша кездесулерде көпшілігі маған байсалды қарады. Бірі келесі турға шақырса, енді бірі бірден жұмысқа алатынын айтты. Мәскеу мен Қазақстанға шақырғандар да болды»,-дейді тапқыр қыз.

Талқылау