Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіпбаева өзін айыптаған Бағым Мұхитденоваға жауап берді

Меруерт Түсіпбаева мен әпкелі-сіңлілі Баян және Бағым Мақсатқызы арасындағы дау жалғасып жатыр. Күні кеше Бағым Мұхитденова Түсіпбаева туралы “өзгенің есебінен пиар жасауды көздейтін шатақ мінезді әнші” деп жазба қалдырған еді. Түсіпбаева көп күттірмеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін Баянмен арпалысқан ол енді оның сіңлісі Бағым Мұхитденоваға тап берді.

“Әпкең екеуің соншалықты мінсіз продюсер болсаңдар, неге Димаш Құдайбергеннің талантын көре алмадыңдар? Жобаларыңа келген кезде сынап, сағын сындыра жаздадыңдар?! Сол кезде қырағы көздерің мен продюсерлік сезгіштіктерің қайда қалды? Ал Димаш жарады. Айтқан сындарыңа түкіріп, қазір бүкіл әлемді бағындырып жатыр (айтпақшы одан кешірім сұрасаңыздар артық болмас еді).

Өткен шақтың лас істерін қозғағаның пиар емес ме? Әлде кек пе? Егер күйеуің сенімен болса, ал Мөлдір отбасын құрып бала туса, ел алдында өткенді қозғаудың қажеті қанша?! Мөлдірдің күйеуі мен ата-анасы қандай жағдайда болады деп ойламадың ба?! Олардың орнында болсам, үндемей отырмас едім! Тынышталыңдар енді! Сендім, әпкең екеуің әмбебап әрі мінсізсіңдер. Біздің жұлдыздарымыз! Сендер болмасаңдар қазақ xалқы қайтер еді?! Айтпақшы қазақ тілін меңгеріп алсаңдар, қазақ халқының атынан алғыс айтар едім”, – деп мәлімдеді Түсіпбаева.

Айта кетейік, күні кеше Бағым Мұхитденова пиарға жаны құмар шатақ мінезді “жұлдызды” аяйтынын айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Дастан Оразбеков көз алдында қайтыс болған әкесін еске алып, жылап жіберді (видео)

Аша Матай: «Қалаулым» жабылмайды

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

Тамара Асар арбада отырған әйелмен дуэт айтып, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау