Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда ер адам өзінің кім екенін білмейтінін айтып, тұрғындардан көмек сұрады

Түркістанда ауруханада жатқан науқас тұрғындардан көмек сұрады. Төрт айдан бері ем қабылдап жатқан ер адам есін жоғалтқан.

20170912161020

Бұл туралы қаланың прокуроры Руслан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«13 мамырдан бері Түркістан қаласы, Майдантал ауылынан ХҚТУ-ның клиникасына қан қысымымен (суретте көрсетілген) азамат келіп түскен болатын. Бүгінде жалпы денсаулығы жақсы, алайда аты-жөнін және кім екенін айтып бере алмауда. Оның кім екенін іздеу істері және сұрастыру жұмыстары болжам бойынша Есмурзаев болуы мүмкін деген ақпарат бар. Сондықтан танығандар болса және кім екенін білетін азаматтарға өтініш, ішкі істер басқармасына немесе қалалық прокуратураға xабар беруді сұраймыз»,- деп жазады Руслан Әбдірайымов.

Тағы да оқыңыз:

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Қажылықтан келген пірін ақ киізбен көтеріп, аяғын сүйгендер жұртты шошытты (видео)

Ақтөбе дегенде шошитын қытайлар Димаштың өнерінен кейін басқаша қарайтын болған

Талқылау