Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түскен тісінің орнына гүл қоймақ болған Алтынайдың қызы жұртты күлдірді (видео)

Алтынай Жорабаева Таиланд елінде болған қызықты оқиғалардың бірін бөлісті.

рт

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алтынай Жорабаева дәл қазір 4 қызы және жиенімен бірге Таиланд елінде демалып жатыр. Олар аталған мемлекеттің Бангкок қаласына баруды жөн көрген екен. Әнші саяхат кезінде түрлі қызық оқиға болып жатқанын айтты. Солардың бірі – қызы Көркеммен болған оқиға. Көркем көшеде кішкене гүлді жұлып алып, ұзақ қарап тұрады. Осы сәтте әнші ол гүлді өзіне беретін шығар деп күтеді. Алайда бүлдіршін оны түскен тісінің орнына салып қоймақ болған екен.

“Осы қызымның мінезі ауырлау болғанымен, әңгімені қатырады. Маған гүл берейін деп жатыр ма деп ойлағанмын ғой. Өйткені гүл көрсе маған алып жүгіретін. Сөйтсем Кокосям…” – дейді Алтынай Жорабаева.

Видеоны көрген жұрт та күлкіге әбден қарық болды. Олар жарыса түрлі жағымды пікір жазып жатты. “Жаным, сондай тәтті сөздер айтты”, “Анасын қатырған екен ғой. Құдай-ай, ол тіс әлі-ақ өсіп кетеді. Құлыншақ неткен сүйкімді еді”, “Құдай-ау, түрінен сол. Сіздің ініңізге қатты ұқсайды екен” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева Таиландта адамға жабысатын маймылдардан қорқып қалған (фото, видео)

Айнұр Тұрсынбаева жұртты тек Аллаға сенуге шақырды

Сиви мен жары отбасылық өмірлерінің 5 жылдығын атап өтті (фото, видео)

«Музарт» тобының ізбасарлары алғашқы өнерлерін елбасының алдында көрсетті

Талқылау