Түсік тастаған әйелдің сәбиі тіріліп кетті (фото)
37 жастағы Виктория Брэдли іші ауырып, түсік тастайды. Медбикелер сәби шетінеп кетеді деп ойлаған-ды. Бүгінде дәрігерлер оның таңғажайыптың арқасында аман қалғанын айтып жатыр.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Британия заңына сәйкес, түсік тастау мерзімінде дүниеге келген сәбилер өмір сүруге қолайсыз болып саналады. Алайда сәби менингит, сепсис және өкпе ауруымен күресіп, ақырында оларды жеңіп шыққан.
Брэдли ханымға медбикеер сәбиінің ұзақ өмір сүрмейтінін айтқан. Тіпті, оған оның алғашқы жөргегін де тарту еткен-ді. Бірақ Франческа мамандардың қатты қателескенін дәлелдеді.
“Үйге келгеніме қатты қуанып тұрмын. Шынымды айтсам, осы күнге жетеміз деп ойламадым. Екі күн бұрын ғана дәрігерлер үмітімізді үзген еді. Енді жағдайымыз толықтай жақсарды. Бастапқыда ол ұрыққа ұқсады. Кірпігі мен қасы болмады. Терісі де түссіз еді. Ол сондай кішкентай болды”, – дейді әйел.
Ұлыбританияда 24 аптаға жетпей туған балалар өмір сүруге қауқарсыз деп танылады. Яғни сәби шетінеп кеткен жағдайда дәрігерлерге еш кінә артылмайды. Бастапқыда Брэдли ханымға ешуақытта балалы бола алмайтыны айтылған екен. Артынша күйеуі Пол Кэррен екеуі жүктілік туралы білген соң қатты қуанады. Арада 24 апта өткен соң әйелдің іші ауырып, ауруханаға түседі. Дәрігерлер сәбиден бұрын әйелдің өзін аман алып қалмақ болады. 15 дәрігер мен медбике оның өмірі үшін күреседі.
Франческаға 15 рет қан құйылып, көзіне лазердің көмегімен ота жасалады. “Ол күн сайын мықты бола берді”, – дейді Брэдли қызы туралы.
Брэдли қызының көлеміндей қолына татуировка салдырған екен. Бұл Франческаның өз өмірі үшін қалай күрескенін еске салып отырады.
Жіберіп алмаңыз:
Қытайда кейуана ұрланған қыздарымен 28 жылдан соң кездесті (фото)
Таңғаларлық жағдай: Егіздердің дене түсі екі түрлі болып туды (фото)