Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде отырғандар қоқыс жәшігін жасап, қолғап тігумен айналысады

Ақтөбе облысы аумағындағы түзету мекемелерінде 14 өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Онда 700 қылмыскер еңбек етеді.

п

Облыстық прокуратураның 7 басқарма бастығы Жасұлан Бралиннің айтуынша, олар қоқыс жәшігін жасап, кірпіш шығарады, тіпті, қолғап тігетін шеберханада жұмыс істейді. Жазасын өтеп отырғандар колонияға қажетті көкөністі егуге арналған жылыжай жұмысын қолға алған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан бір кездері түрме ішінде тоқырап, тұралап қалған өндірісті қайта жандандыру үшін кешенді жоспар құрылды. Прокуратура мен ішкі істер органдары алдымен түрме ішінде тәртіп орнатып, цехтарды жөндеді, коммуникация жүргізді. Жергілікті әкімдік арқылы кәсіпкерлер тартыла бастады. Қазіргі уақытта облыстағы түзету колонияларында 14 өндіріс орны жұмыс істеп тұр. 700 жазасын өтеуші жұмысқа орналасқан, тұрақты еңбек етеді»,- дейді облыстық прокуратураның 7 басқарма бастығы Жасұлан Бралин.

Айта кетейік, сотталғандар кәдесыйлар дайындайды. Сонымен қатар, темір-бетон бұйымдарын жасап, тіпті көкөніс егеді.

«Сотталғандар тігін шеберханасында жұмыс істейді. Олар жүргіншілер жолына арналған әсем тастарды шығарып, жиектастар дайындайды. Лего-кірпіш пен металдан жасалған қоқыс жәшігі, контейнер шығаратын цехта еңбектенеді. Мәселен, Жем қаласындағы түрме ішінде жылыжай қалпына келтірілген. Мұнда егілген көкөніс сотталғандардан артылып, қала тұрғындарына жеткізіледі. Алдағы уақытта жүн өңдеу өндірісін дамытып, ағаш үй жасау қолға алынады. Қазіргі уақытта жалпы режимдегі түзету колониясында жылына 1 мың дана жұмысшы қолғабы тігіледі. Бәрін қаладағы өндіріс орындары сатып алады»,- дейді Бралин.

Прокурордың айтуынша, кәсіпкерлер сотталғандардың жұмысына риза. Жазасын өтеп отырғандар өндіріс орнындағы ережені сақтайды, жұмысын қадірлейді. Көбі ай сайын отбасынан келетін сәлемдемеден бас тартып, өзі көмектесуді қолға алған.

«Қылмыскерлерді жұмыспен қамтуға күш салып жатқан арнайы органдардың жұмысы кейбір адамға түсініксіз болар. Бірақ біз осы арқылы оларды тәрбиелейміз, бостандыққа шыққан кезде өмірге бейімделуіне, мамандық игеруіне септік етеміз»,- деді прокурор.

Жіберіп алмаңыз:

Аса қымбат зат тауып алдыңыз. Сізді ұрлықшы деп айыптамас үшін не істеу керек

Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты

«Қазақстан аруы» Дональд Трампты көреген саясаткерге теңеп, жеңісімен құттықтады

Ванга АҚШ-тың соңғы президенті Барак Обама болады деп болжаған

 

Талқылау