Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)

Жұма күні Turkish Airlines ұшағының бортында ешкім күтпеген жағдай орын алды. Жерден 13 мың метр биіктікте сәби дүниеге келді.

67676

DHA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап «Түрік жаңалықтары» хабарлады.

Дерек бойынша, екіқабат әйел өзінің дәл осы күні толғататынын білмеген. Сондықтан Конакри (Гвинея) — Уагадугу (Буркина-Фасо) — Стамбул (Түркия) бағыты бойынша бет алған ұшақ қызметкерлері әйелді босандырып алуға мәжбүр болған.

72088_64567_07042017154533_0

Сәби ерекше жағдайда Малидің үстімен ұшып бара жатқанда жерден 13 мың метр биіктікте туылған.

72088_64567_07042017154533_1

Нәресте мен оның анасы, гвинеялық Диаби Нафи ұшақ Буркина-Фасоға қонғаннан кейін ауруханаға жеткізілді. Кадижу деп есім берілген сәбидің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

72088_64567_07042017154533_5

Жіберіп алмаңыз:

Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті (видео)

Швецияда терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Дәрігерлер толғағы қысқан әйелді босандыра алмай сәбидің басын кесіп тастаған

Үндістан джунглиінде маймылдар арасында өскен қыз бала табылды (видео)

Талқылау