Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус жол апатына ұшырады

Бастапқы мәліметтер бойынша, автобуста 44 адам болған, оның ішінде қазақстандық туристер де бар.

туристер мінген автобус

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Қазақстандықтар мінген автобус түрік провинциясы Антальяда жол апатына ұшыраған.

Қазақстан, Ресей және Украинадан барған туристер жұма күні экскурсияға Демреге бара жатады.

“Ресейдің 24 туристі, Украина мен Қазақстанның туристері мінген автобус апатқа ұшырады. Оларға жүк көлігі келіп соғылған”, — деп мәлімет берді РФ-ның Антальядағы бас консулдығының консулы Алексей Шиванов.

Оның сөзіне сүйенсек, бес ресейлік, оның ішінде екі бала болмашы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, амбулаториялық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген. Ресейдің БАҚ өкілдерінің ақпаратына жүгінсек, автобуста TEZ Tour компаниясының 44 туристі болған. Жүк көлігі жолдың шетінде тоқтап тұрған автобусқа соғылған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның батысында екі жасар қыз тұндырғышқа батып кетті

Атырау облысында ашуға булыққан наиб имам бас имамның кеудесінен ұрып құлатты

Қостанай облысында сұрапыл жел 40 үйдің шатырын қиратып кетті (фото)

Өскемен тұрғыны өзі бұзақылардан арашалап алған жігітті тонап кетті

Талқылау