Түркияда 500 жезөкше зейнетке шығу құқығына ие болды
Түріктің әлеуметік құқық қорғау мемлекеттік институты 1,8 мың жезөкшелерге жұмыс берушілер 7 жыл бойы әлеуметік аударымдарын толық көлемде жібермегенін мәлімдеді.
Олардың ішінде зейнет жасына жеткендер де бар.
Заң бұзушыларға айыппұл салынып, қызметінен қуылды. Нәтижесінде 501 жезөкше зейнетке шығу құқығына ие болды. 1299 қызметкерге жезөкшелер үйінде тиісті өтемақысы төленетін болды.
Бұл шешімге келуге Измирдің әйел құқын қорғау орталығы көмектесті. Олар жезөкшелердің құқын қорғауды талап етті.
Түркияда жезөкшелік қызмет заңмен жолға қойылған. Жезөкшелер интимді қызмет көрсетуі үшін жеке карта дайындап, түрлі ауруларға байланысты тұрақты арнайы тексерістен өтуге міндетті.
Жіберіп алмаңыз:
Оралдық жезөкше ішіндегісін жайып салды: Мені 150 000 теңгеге сатып алған
Оралда бойжеткендер жеңгетайлардың күштеуімен 6 жыл жезөкшелікпен айналысқан
Бразилиядағы жасырын қызмет көрсететін жезөкшелердің құпия өмірі (фото)