Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түлектердің ата-анасы грант шешімдеріне келіспейді: Білім министрлігі қандай жауап қатты

Астанада Білім және ғылым министрлігі алдына наразы ата-аналар жиналып, шағымдарын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170621124829

Ғимарат алдына 20 ата-ана жиналды. Олар балаларының жоғары балл алғанына қарамастан оқуға түсе алмай қалғанына наразы. Министрлік өкілдері ата-аналарға түсініктеме берді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, грантты республикалық комиссия шешкен Білім министрлігі бұл сауалға қатысты ресми түрде де жауап берді. Алайда ата-аналар бұл жауапқа қанағаттанған жоқ.

Тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова жауап берді. Оқу грантын алу үшін бағын сынаған кез келген абитуриент пен оның ата-анасы ие болғысы келетіні белгілі. Биылғы жылы министрлік бакалавриаттарға бөлінетін гранттың санын 6 мыңға жеткізді. Алайда таңдау кезінде әртүрлі мамандықтарға әр түрлі мөлшерде грант бөлінгенін ескеру керек. Нәтижесінде, әр мамандыққа әр түрлі мөлшерде балл алу тәртібі енгізілді. Бұл жаңадан енгізілген жүйе емес. Бұрыннан бар. Сондықтан, абитуриентке ыңғайлы болу үшін әр мамандыққа грант бөлу тәртібі ҰБТ-ға дейін аяқталып қояды», – деп хабарлайды министрліктен.

Ведомствоның хабарлауынша, көп түлек грант аз бөлінген мамандыққа құжат тапсырып жатады. Оқу орнын да өзі таңдайды. Грант бөлінген мамандықтың балдары әр түрді. Сондықтан аз балл алған түлек өзге мамандыққа грантқа түсіп, ал көп балл жинаған түлек өзге мамандыққа түсе алмауы мүмкін. Одан бөлек ауылдықтарға жеңілдік бөлінеді. Сондықтан ата-аналар мен түлектер бұл жайлы алдын ала сұрастырып алғаны жөн.

Елімізде Алтын белгі иелерінің балын барлығымен теңестіру ұсынылды. Алайда ол заң әлі қабылданған жоқ. «Алтын белгі» иегерлеріне берілетін артықшылық келесі жылдан бастап болмауы мүмкін. Ал, республикалық комиссияның құрамында ЖОО қауымдастығының, «Атамекен» ҮЕҰ, кәсіподақтардың және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Олар заң бойынша шешім қабылдайды.

Тағы да оқыңыз:

Тараз тұрғыны грант қорытындысында шикілік барын айтты

Алдағы күндері -2 градусқа дейін күн суытады

Анджелина Джолидің қазақстандық сыңары өзін көшеде ұрып кеткенін айтты

Талқылау