Қазақ тіліне қате аударылған: Семейде медицина университетінің студенттері мемлекеттік емтихандағы баллдарын қайта қарауды сұрады
Семейде медициналық университетінің студенттері жақында тапсырған мемлекеттік емтихан нәтижелерін қайта қарауды талап етуде. Олардың айтуынша, тест сұрақтарының көпшілігі орыс тілінен қазақ тіліне қате аударылғандықтан, өз білімдерін тиісті деңгейде белгілей алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиналған студенттердің арасында болашақ тіс дәрігерлері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер және педиатрлар болды. Олар мемлекеттік емтиханда сұрақтар қазақ тілінде қате құрылғанын айтты. Салдарынан көбісі ең төменгі шектегі ұпайды әрең жинаған екен. Ал кейбіреулері 100 сұрақтың жартысына да дұрыс жауап бере алмаған.
Білім алушылар 7 жылдық білім зая кете ме деп, сынақ нәтижесін қайта қарауды сұрап отыр.
Олар құрылған әр қате сұраққа ұпай талап етуде. Өндірістік тәжірибені аяқтағалы тұрған жастар резидентураға түспей қалудан да қорқады. Олардың айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын қайталанады екен.
Университет басшылығы тестты тәуелсіз емтихан орталығы алатынын және бұл іске араласа алмайтынын жеткізді.
"Қазір түлектеріміздің мүддесін ескере отырып, республикалық апелляциялық комиссия төрағасының атына арыз жаздық. Енді осы апелляциялық комиссияның шешімін күту ғана қалды", – дейді университет проректоры Жанаргүл Смаилова.
Ал емтихан орталығының өкілдері барлығы талапқа сай өткенімен, нәтижесі толық жарияланбағанын алға тартты.
"Қатеге келетін болсақ, бұл сұрақтарды біздің медициналық университеттердің оқытушылары құрастырған. Яғни, өздері сияқты студенттердің ұстазы. Барлығы жоғары балл алғысы келеді, бірақ бұл мүмкін емес", – дейді орталық төрайымы Гүлмира Жангереева.
Соңғы шешім апелляциялық комиссия отырысынан кейін белгілі болмақ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған