"Сұрағанымның бәрін берді": 40 жасқа толған Ерке Есмахан желіде жан сырын ақтарды
Танымал әнші Ерке Есмахан жаңа жасын жақындарымен қарсы алды. Өнер иесі 40 жасқа толды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Эстрада жұлдызы туған күнін отбасымен бірге өз шаңырағында атап өтті.
“Мен дәл қазіргі өмірімді бұрын армандадым, елестеттім, сол үшін еңбек еттім. Ал қазір қарап тұрсам, Алла менің сұрағанымның бәрін үйіп-төгіп молынан беріпті. Сансыз шүкір! Туған күніңмен, Ерке Есмахан", – деп жазды өнер иесі.
-
"Екі туған күнді де тойламаймыз": Ерке Есмахан отбасындағы тосын жаңалықты бөлісті
-
"Үйіме келіп, жылап отыратын": Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның қиналған сәтін есіне алды
Еске салайық, өнер иесі туған күніне сыйлықтар ала бастағанын айтқан еді.
“Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын", – деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін "Сөмке емес, сауап жина" деген оқырманына Ерке Есмахан ашуланған еді.