Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды

Қарағандыда сыныптастарын соққыға жығып, ұстаздарына қол көтерген 4-сынып оқушысы психоневрологиялық диспансерге орналыстырылды. Бұған дейін балаларының өмірі үшін алаңдаған ата-аналар байкот жариялап, оларды мектепке жібермей қойған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170921121658

Мектеп әкімшілігі ата-аналардың шағымына бірден жауап берді. Олар бүгін елдің мазасын қашырған баланың психоневрологиялық диспансерге жатқызылғанын мәлімдеді.

Мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Гүлмайра Наурызбекова мектепке бүтін бір сыныптың келмей қойғанын жоққа шығарды.

“Бүкіл сынып емес, оқушылардың басым бөлігі келмей қалды. Ата-аналардың бізге айтқан ескертуін қабылдамаймыз. Себебі бұл баланың мәселесімен мектеп әкімшілігі айналысып жатқан. Баланың анасымен профилактикалық жұмыс жүргізіп, учаскелік полиция инспекторымен кездестік. Қазір ол арнайы балалар психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды. Ал оның диагнозы – дәрігерлік құпия болып қалмақ. Қалай болған күннің өзінде, бүгіннен бастап ол бала мектепте жоқ. Сыныптағы жағдай қалыпқа келтірілді”, – деп түсіндірді директордың орынбасары.

Бір қызығы, елдің үрейін ұшырған бала бұған дейін де арнайы психоневрологиялық мекемеде дәрігерлердің бақылауында болған екен. Ал мұндай баланың қарапайым мектепке қалай тап болғанын білім мекемесі түсіндіре алмады.

Еске сала кетейік, бұған дейін бір оқушыға бола, бүкіл сыныптың мектепке бармай қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз:

Көкшетау тұрғыны WhatsApp арқылы үй сатып аламын деп 15 млн теңгесінен айырылды

Елді шулатқан Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында автотұрақ ақысы арзандады

Шымкенттік медбике шетінеген шақалақтың мүрдесін қалай ауыстырып алғанын айтты

Отандық БАҚ-та латынша жазылған алғашқы мақала жарық көрді

Талқылау