Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптастары шошыды: Бітіру кешіне мектеп түлегін табытпен алып келді

Мектеп түлегі өзінің бітіру кешіне табытпен келді. Салтанатты жиын басталмас бұрын табыттың жанына жиналып қалған көпшілік не болып жатқанын түсінбеді.

Сыныптастары шошыды: Бітіру кешіне мектеп түлегін табытпен алып келді

Оқиға Американың Джорджия штатында, Америкус қаласында орын алды. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жұрт таңғалысып қарап тұрғанда табыттың ішінен мектеп бітіруші Александреа Кларк шыға келді. Тірі әрі өміріне риза.

Осылайша екі жыл бойы жерлеу бюросында жұмыс істеген бойжеткен өз қызметіне деген құрметін көрсеткісі келген.

Сыныптастары шошыды: Бітіру кешіне мектеп түлегін табытпен алып келді

«Бұл бар болғаны мен айналысатын іс. Әрі қарай да бұл мансабымды жалғастырмақпын. Өз жұмысымды жақсы көремін», – дейді бойжеткен.

Кларк табытпен келу арқылы тағы бір мақсатты көздеген. Ол осылайша сыныптастарына мас күйде рөлге отыруға болмайтынын ескерткен.

«Сыныптастарымды ойладым. Олар бітіру кешінен кейін есірткі қабылдап, жаман нәрселер жасайды», – дейді ол.

Оқи отырыңыз: 

Ауа толтырылған қамалмен бірге жел ұшырып әкеткен қыз әкесінің көз алдында қайтыс болды

40 жыл бұрын жоғалып кеткен азамат YouTube-те ән айтқан видеосы арқылы табылды (видео)

Жүк көлігімен тойға бара жатқан қонақтар жол апатына ұшырап, 21 адам мерт болды

Лотереядан екі рет ұтыс ұтқан азамат сәттілігінің себебін түсіндірді

Талқылау