Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Сыныптастар» деп ән салған The Jigits тобы қазақ тілін білмейтіндерін мойындады

The Jigits тобының қос мүшесі Әлішер Егембердиев пен Равиль Исаков қазақ тілін білмейтіндерін мойындады. Жігіттердің айтуынша, олар оқыған мектепте қазақ тіліне аса мән берілмеген. Ал қазақ тіліндегі әндердің мазмұны мен мағынасын оларға топтың үшінші мүшесі Батыржан Тазабеков түсіндіріп беретін көрінеді.

photo_155230

«Мен ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілі болып табылатын Қазақстанда дүниеге келдім. Қазақша ептеп түсінемін. Алайда маған қиын. Оны мойындаймын. Қазақстанның туын талай додаларда желбіреттім. Кик-боксингтен әлем чемпионымын. Мен өз елімнің патриотымын. Мемлекеттік тілді білмесем, патриот емеспін деген сөз емес», – дейді Әлішер Егембердиев 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Дегенмен де, қазақша білмесе де топ жуырда ғана қазақ тіліндегі «Сыныптастар» бейнебаянын жарыққа шығарды. Батыржан Тазабеков кез-келген мәселені шешуге болатынын айтып өтті.

«Аударып беруге болады. Олар әрбір сөзді жатқа біледі, түсінеді», – дейді ол.

Ал қос жігіт қазақтардың ортасында өскендіктен, мемлекеттік тілді түсінетіндерін, алайда сөйлей алмайтындарын мәлімдеді. Айтуларынша, қазақ тіліндегі «ң,ғ,қ» сынды әріптерді дұрыс айтуды оларға Батыржан үйретеді.

«Кейбір сөздерді өзім де түсінемін. Түсінбесем, Батырдан сұрап аламын», – деп түйіндеді Равиль.

Жіберіп алмаңыз: 

Кәріс қыздарына Ninety one тобы ұнамай қалды (видео)

Түркияда демалып жүрген Линдси Лохан саусағының жартысынан айырылды (видео)

Санда 10 жыл бойы көрмеген әкесімен жүздескенде көзіне жас алғанын айтты

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

Динара Сұлтан өнер жолындағы демеушісінің өз күйеуі екенін мойындады

Асхат Тарғын елді шулатқан төбелестің неден туындағанын өз аузымен айтып берді

 

Талқылау