Сүйіктісінен айырылған жігіт алты күн бойы тауда жалғыз жүріп, күйзелістен арылуға тырысқан
Фото: scmp.com
Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласында жұмыс істеген қытайлық жігіт алты күн бойы телефонсыз және тамақсыз тауда жүріп, бұрынғы сүйіктісін ұмытуға тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post порталына сілтеме жасап хабарлайды.
22 жастағы Сяолин таулы соқпақтармен шамамен 40 шақырым жүрген. Ол тек жабайы жидектерді жеп, тау бұлағындағы суды ішкен.
"Біз оны тапқан кезде киімі жыртылып, тозып кеткен еді. Алғашқы үш күн бойы ол мүлде тамақ жемеген, тіпті су да ішпеген", – деді полиция басшысының орынбасары Чжу Лилян.
Жігіт 19 маусымда байланысқа шықпай қалған соң, туыстары уайымдап, оны жоғалып кетті деп есептеген. Полиция 100-ден астам қызметкер мен жергілікті тұрғындарды жұмылдырып, іздеу жұмыстарын ұйымдастырған. Сяолинді алты күннен кейін Линьань ауданындағы саябақта орнатылған бақылау камералары арқылы тапқан.
"Өзіне де, отбасына да қандай күйзеліс әкелгенін түсінген соң, енді мұндай ойсыз әрекетке бармаймын деп уәде берді", – деді полиция өкілі.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Сяолин қазіргі кезде туған қаласы Чаншаға оралып, жағдайы жақсы. Дәрігерлер оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Ол тауда шынымен де бұрынғы сүйіктісін ұмыту мақсатында жүргенін растады.
Маман күйзелісті екі минутта жеңудің жолын атады
Еске салайық, бұған дейін психолог Мишель Леноның айтуынша, ұрыс-жанжал кейде қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Эмоциямен бөлісу, келіспеушіліктердің шынайы себептерін анықтау – серіктестер арасындағы байланысты күшейтеді. Алайда, бұл үшін тараптар бір-біріне құрметпен қарап, мәселені ашық әрі сабырлы түрде талқылай білуі керек. Шешілмеген жанжал керісінше, қарым-қатынасты әлсіретуі мүмкін дейді психолог.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
