Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісімен ұрсысып қалған: Қостанайда 17 жастағы жігіт көпірден секірді

Қостанайда 17 жастағы жігіт адамдардың көзінше көпірден секіріп кеткен. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімді мұздай судан шығарып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"102" пультіне көпірден секіріп кеткен адам туралы хабарлама 1 қараша күні кешке түсті. Екі минуттан кейін полиция оқиға орнына жеткен.

Екі полиция қызметкері киімдерін шешіп, суға батып бара жатқан адамды құтқарып, оған алғашқы көмек берді.

"Біз киім киген адамның батып бара жатқанын көрдік. Яғни оның жүзгіш емес екені анық еді. Судың салқын екенін ескерсек, ол бірден көз жұмуы мүмкін еді", – деп еске алады Батыржан Бейсенбин.

Патрульдік полиция жігітті жағаға шығарып, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары дер кезінде келіп,  жас жігіт аман қалды.

Келіп жеткен жедел жәрдем көпірден секірген жігіттің есін жинауына көмектесті. 

Неліктен мұндай әрекетке барғаны жайлы сұрағанда, жігіт сүйіктісімен ұрсысып қалғанын жеткізді. Алғашқы көмек тәртіп сақшыларына да  көрсетілді. Мырзахан Сұлтанов жағаға шыққан кезде аяғын жарақаттап алған", – деді полиция департаменті басшысының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина.

 

Талқылау