Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйгенімнен балалы болғым келді": Белгілі психолог Ирина Раззах отбасылы ер адамнан бала туған

Индира Раззақ отбасылы ер адамнан бала туғанФото: Видеодан скриншот

Қазақстандық психолог Ирина Раззах “Байсеміз LIVE-қа” берген сұхбатында жеке өмірі жайлы әңгімелеп, әйелі бар ер адамнан бала туғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сұхбат барысында психолог бірінші күйеуімен махаббат іздеп, ажырасып кеткенін айтты.

Кейінірек бір жігітпен танысқан. Алайда жарты жылдан кейін ер адам Иринаға үйленбейтінін айтқан, осылайша олар қарым-қатынасын үзген.

“Ол маған үйленгісі келмеді. Қиялыма келтіргенде екі баламмен оның ата-анасының үйіне барып тұру мен үшін жат болды. Бірақ ол да, мен де бір-бірімізді сүйіп қалған едік. Екеуміз екіге кеткеннен кейін ол бірден үйленіп кетті. Ол үйленсем, мені ұмытамын деп ойлаған көрінеді”, – деді ол.

Ал Ирина Раззах сезімін басу үшін жұмысына, кәсібіне аса назар аударған.

Екі жылдан кейін ер адам психологтың өмірінде қайта пайда болып, әйелімен балалы бола алмай жүргенін жеткізген.

“Ойланып жүрдім, бір-екі рет кездестік. Сосын мен “Енді екеуміз теңбіз, ол да, мен де ажырасқан адамдармыз. Енді үйлене аламыз” деп ойладым. Сөйтсем әйелі ЭКО арқылы бала көтерген екен, яғни әйелі жүкті болып шықты. Ал ол уақытта біз жүріп бастаған едік. Қарапайым сөзбен айтқанда, әйелі жүкті кезде сырттан әйел іздеген”, – деді ол.

Психолог сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасайды деп екі-үш ай күтткен көрінеді, төртінші айда өзі әңгіме бастаған. 

“Әңгіме барысында әйелінің жүкті екенін, қазір оның мазасын алуға болмайтынын айтты. Бала дүниеге келгеннен кейін ажырасамын деді. Сосын мен оны жақсы көретінімді жеткіздім де, “кететін болсаң қазір кет, кетпесең мен сенен бала туамын” деп ашық айттым. Себебі мен оны бірінші көргенде-ақ бала сүйгім келді. Ол кеткен жоқ. Алайда мен баланы өзім үшін дүниеге әкелетінімді, оны өзім асырай алатынымды, одан әрі өзім өмір сүре алатынымды білдім”, – деді ол.

Иринаның айтуынша, ол жүктілікті жоспарламас бұрын ата-анасының алдынан өтіп, жақсы көретін ер адамы бар екенін, одан балалы болу жайлы ниетін жеткізген. 

“Олар “балаларың бар ғой” деген сыңайда әңгіме айтты. Бірақ мен өз еркіммен жүретін, ешкімді тыңдамайтын адам екенімнен хабардар. Осылай “бәлкім бақытты болып кетер” деп үміттенді”, – деді ол.

Ирина Раззах кенжесін “сүйген адамнан балалы болудың қандай екенін білу үшін” дүниеге әкелгенін жасырмады.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Индира Расылхан алғашқы күйеуінің екінші әйелі болғанын мойындап, біреудің отбасын шайқадым деп ойламайтынын айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 05 Ақпан, 2026 19:40