Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күніне 5-6 клиент болады": Сүйген жігіті сутенерге сатып жіберген қазақстандық қыз басынан өткізген қиындығын айтып берді

Сүйген жігіті сутенерлерге сатып жіберген қыз сегіз ай бойы азапты сәттерді бастан кешіріп, бір апта бұрын үйіне қашып келген. Тәнін сатуға мәжбүр болған қыз жезөкшелер әлемінде “Мөлдір” деген лақап атымен танылған. Үйіне қайта оралғанымен жағдайы мәз емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Қыздың айтуынша, жеңгетайлар ығына жығу үшін есірткінің дәмін татуға мәжбүрлеген.

“Қашып кетпес үшін шашымды алып тастады. Клиенттерге бірінші күні шашсыз орамалмен шығып көрдім. Клиенттер керек емес деп шығарып тастайтын. Кейіннен парик киіп шығуға мәжбүр болдым. Бір әйелді алып келіп, ине, тамырдан система салдыратын. Оның қандай дәрі екенін өзім де білмеймін. Кешке сегіз-тоғызда шығамыз. Жоқ дегенде күніне 5-6 клиент болады. Қонақүй, сауна, пәтерге шақырады”, – деді Мөлдір (кейіпкердің есімі өзгертілген). 



Қыздың әпкесінің айтуынша, Мөлдір үйдегі әжесіне бір аптадай дүкенге қонып, жұмыс істеймін деп айтып шығып кеткен. 

"Жаңадан танысқан Ихтияр есімді жігіт “Дүкенде жұмыс істеп қайтесің, мен сені жаңадан жұмысқа апарамын. Астыңа көлік мінесің, әдемі үйде тұрасың” деп алдап апарған. Екеуі қыз бен жігіт болып жүрген. Сөзіне сенген сіңлім соңынан еріп, жеңгетай әйелдің үйіне барған. Ол жерде сіңлім бір аптадай үй қызметшісі болған. Ол жерде “менен бөлек үш қыз болды” дейді. Жігіті де сол үйде тұрған. Бұл қыздар да сен сияқты жұмыс істейді деп алдаған. Кейіннен қыздардан қандай жұмыс істейтінін біліп, қашпақ болған", – деді қыздың әпкесі.

Ал қызды жеңгетайға апарып тапсырған сүйген жігіті – Шымкент қаласы, Ленгер ауданының тұрғыны. Ол жеңгетайлар үйінде такси жүргізушісі қызметін атқарып, қыздарды клиентке тасымалдаған. 

“Бір күн тасымалдағаныма жалпы 30 мың теңге төлейді. Бұл қызбен жүреміз деп танысқанмын. Жезөкшелікпен айналысатын қыздарды тасимын. Клиентіне апарып тастап, алып қайтамын. Бұрын қарақшылық және тонау бойынша сотты болғанмын. Жеті жыл берді, алты жылдан кейін шықтым. Алдымен қоныс-колониясына жіберілдім, кейін шартты түрде мерзімнен бұрын босатылдым", – деді қыздың сенген жігіті Ихтияр Ибрагимов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық танымал тұлғалар мен бизнесмендер "VIP сутенердің клиенттер тізімінде" болғаны туралы жазған едік.

Талқылау