Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай диагнозбен қалай көлік айдап жүр": Алматыдағы тұрғын үй кешенінде ажал құшқан күзетшінің туыстары күдіктінің жындыханада жатқанына наразы

29 наурыз күні Алматыда жантүршігерлік қанды қылмыс тіркелді. Қаладағы элиталы  тұрғын үйінің күзетшісін 45 жастағы ер адам  бірнеше рет көлігімен қағып, артынша аяусыз тепкілеген. Нәтижесінде  күзетші ауыр жағдайда ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Сұмдық жағдайдың орын алғанына бес айға жуық уақыт өтті. Десе де марқұмның туыстары күдіктіге тағайындалған сот сараптамасына күмәнмен қарайды. 

“Рентгені көрген кезде өте қорқынышты болды. Сүйегінің барлығы бөлінген еді. Аяқтарын тек қана еттері ұстап тұрды. Көрген кезде жағдайы өте ауыр болды”, – дейді Нұрболды соңғы рет көрген Жоламан Жұмабекұлы.

6 ай бойы тергеу жұмыстары жүргізілгенімен, әлі күдікті түрмеге қамалмаған. Оған қатысты қазір шизофрения диагнозы қойылып отыр.

Нұрболдың артында 2 ұл 1 қызы қалды. Ол отбасын асырау үшін жұмыс таңдамаған. Күзетші соңғы қызметінде небәрі 150 мың теңге айлық алған.

“Нұрболды жерлеп жатқан кезде, адвокатпыз деп екі жігіт келді. Кешке қарай Нұрболды жерлеп біткеннен кейін 5 адам келді. 1 әйел 4 еркек болатын. Кіші баламды алып кетіп сөйлеспек болғанда рұқсат бермедім. Келгендер өлтірген баланың әке-шешесі екен. Туысқандар болып барлығымыз сөйлестік. Анасы менімен сөйлесіп отырды. 9 жыл бұрын қызы қайтыс болғанын, баласының ауырып қалғанын айтты. Оның екі қызы мен әйелі бар екенін де айтты. Ауырады, дерті бар демеді, қызым қайтыс болған соң, балам біртүрлі болып қалды деп айтты. Сізге ақша салайық, балаңыздың қырқын өткізіп берейік деді. Мен келіспедім”, – дейді марқұмның анасы.

Күдіктінің әкесі прокурор әрі экс-депутат, ал анасы сауда-саттықпен айналысқан. Асқар Тастандиевтің өзі бизнеспен айналысқан. Ажырасқан, екі баласы бар. Күдікке ілінген азамат тұрғын үй кешеніндегілерге де тыныштық бермеген көрінеді. Күдіктінің әкесі өз баласын танымаймын деп, сұрақтарға жауап беруден бас тартқанымен оның көршілері Асқар Тастандиев туралы бар білгенін бөлісті.

“Оның ата-анасы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген, экс-прокурор. Оның былығын үнемі жауып жүрді. Қазір оның психиатриялық-нарклогиялық диспансерде тіркелгені туралы айтып жатыр. Мен қоағмнан және мемлекеттен бұл жағдайдың қараусыз қалдырмауын өтінемін. Себебі біз бұл жағдайд туралы учаскелік полицияға шағым білдіргенбіз. Мұның соң кісі өліміне дейін алып келді. Ал бірнеше рет біздің тұрғын үйдің диспетчерін де ұрып-соғып, күзетшілермен жанжалдасқан. Тпті балаларымызды далағ шығаруға қорқамыз. Оған үнемі есірткі тасымалдаушылар есірткі әкелген, үнемі ішімдік ішкен деп айтады”, – деді тұрғындардың бірі.

Тағы бір тұрғынның айтуынша, ол күдіктінің жоғарғы қабаттағы терезеден аяғын салбыратып отырғанын көрген. 

Нұрболға сол күні есікті ашпа деген бұйрық берілген. Марқұм есікті ашпағаны үшін өлім құшқан дейді. 

“Бізді түнгі екі жарымға қарай Нұрболды ұрып жатыр деп диспетчер шақырды. Біз барған кезде күдікті жасарын жасап кеткен еді. Жедел жәрдем шақырып, Нұрболды салып жібердік”, – дейді Асхат Қонақбаев

“Асхатпен оқиға орнына жүгіріп бардық. Қақпа қираған, Нұрбол қансырап жатқан еді. Нұрболдан “Кім жасады?” деп сұрағанда, Асқар жасағанын айтты. 14-қабаттағы жігіттің әрекеті екенін бірден түсіндік. Ол кезде Нұрбол тірі еді. Бірақ жағдайы ауыр болатын. Жедел жәрдемге салып жіберіп, артынан бардық. Оны отаға алып кіріп кетті, екі сағаттан кейін реанимацияға ауыстырды. Дәріханаға қажетті дәрілер алып келуге кеткенімізде дәрігер хабарласып, Нұрболдың көз жұмғанын айтты”, – дейді Самат Смағұлов.

Куәгерлердің сөзінше мас болмаған кездері күдікті қарапайым адам ретінде танылған, ешқандай ауытқу байқалмаған. Ол ата-анасымен бірге тұрған көрінеді. Сол күні ата-анасы Нұрболдан ұлдарын шығармауды өтінген. Бірнеше рет қақпадан шықпақ болған күдікті, соңғы мәртесінде өзін ұстай алмай қалған көрінеді.

Күзетшіні өлтірген күдіктінің денсаулығына байланысты сараптама нәтижесі шыққан. Алдын ала қойылған диагноз бойынша, күдікті органикалық сандырақ (шизофриния тәрізді бұзылыс), тұлғаның дисоциалды бұзылысы және тұлғаны эмоционалды тұрақсыз бұзылысына шалдыққан. 

Марқұмның анасы күдіктінің мұндай диагнозбен қалай көлік айдап жүргеніне таң-таң.

Писхотерапевтің айтуынша, органикалық сандырақ адам жарақат алған соғ пайда болатын мидың бұзылысы екенін айтады. 

“Галлюцинация жоқ адамның дауысын есту, адам мұндай күйде терезеден секіріп, тіпті адам өлтіріп қоюы мүмкін. Ол арнайы стационарда ем алу керек. Мұндай адамдар көлік жүргізбейді, қызын оқудан алып кетіп, кәсіппен айналыса алмайды. Оған рұқсат жоқ. Бірақ психдиспансерде жатқанның бәрі шизофриник емес”, – дейді ол.

Талқылау