Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүт безі ұлғайып кеткен: Ғалымдар Pfizer вакцинасының кері әсерін анықтады

Дәрігерлер Pfizer COVID-19 вакцинасынан кейін күтпеген кері әсерді анықтады. Сол екпені алған әйелдерде гигантомастия немесе әйелдердегі сүт бездерінің шамадан тыс ұлғаюы байқалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pubmed сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

пфайзер

Фото: Pixabay.com

Pfizer/BioNTech COVID-19 препаратын алғаннан кейін бір аптадан кейін әйелде сүт безі ұлғайған. Екінші дозаны қабылдағаннан кейін әйелдің кеудесі одан да үлкен болды.

"COVID-19 вакцинациясынан кейін сүт безіндегі шынайы паренхиматозды өзгерістер өте сирек кездеседі. Псевдоангиоматозды стромальды гиперплазиямен (PASH) байланысты гигантомастия жағдайлары да сирек кездеседі. Ал мына пациентте екеуі де болған", – дейді зерттеушілер.

Нәтижесінде дәрігерлер сүт бездерін хирургиялық жолмен кішірейтуге мәжбүр болды.

Ғалымдар COVID-19 вакцинасы, PASH және сүт безінің гипертрофиясы арасындағы байланыс вакцинаға реакциялардың спектрін түсіну үшін қосымша зерттеуді қажет етеді дейді.

Ақпаратты Американың пластикалық хирургтар қоғамы ұлттық медицина кітапханасында жариялады.

Талқылау