Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Сусыз, көліксіз, шақырымдап жаяу жүрдік": Жамбыл облысында ұйымдастырылған қызғалдақтар мерекесі жұртты ашуландырды

Фото: желідегі видео кадрларынан скрин

Әлеуметтік желілерде адамдар Жамбыл облысында өткен "Қызғалдақ мұра" іс-шарасының ұйымдастырушыларына наразылықтарын жеткізді. Айтуларынша, жиналған қонақтар гүлдер бар аймаққа жете алмаған. Оларды көлікпен апару үшін ақша сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Желіде тараған видеолар жиналған жұртшылық белгіленген жерге өз беттерінше баруға мәжбүр екенін айтқан. 

Куәгерлер бұл жерге жету үшін олардан ақша талап етілгенін айтты. Бірақ Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мұны жоққа шығарды.

"Халықаралық фестивальге қатысушыларды Қаратау тауларында өтетін орынға жеткізудегі қиындықтар туралы айтар болсақ, қатысушылардың саны бастапқыда мәлімделген көрсеткіштерден асып кетті. Бұл логистика бойынша қосымша міндеттерді уақытша тудырғанын хабарлаймыз. Жағдай тез шешіліп, қосымша автобустар мен автомобильдер тартылды.Тараз қаласынан Есейхан ауылына дейін тұрғындарды 20 ірі автобус, Есейхан ауылынан межелі жерге дейін - 10 Пазик, Niva маркалы 40 көлік жеткізді. Барлық маршрутта жедел ден қою және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция, ТЖД және жедел медициналық көмек қызметтерінің қызметкерлері кезекшілік етеді. Барлық қонақтар іс-шара өтетін жерге аман-есен келді. Ал тұрғындарды тауға 100 000 теңгеге жеткізуді ұсынғаны туралы хабарламалар шындыққа жанаспайды", - деп жазды әлеуметтік желіде. 



Желіде жұртшлық бәрібір де қайтар кезде қиындықтар туындағанын айтқан.

"Жамбыл облысында қызғалдақтар фестивалі өтті. 3 мыңнан астам адам жиналды. Кері бағытта автобустар келе алмады. Балалар мен кәрі адамдар шамамен 7 шақырым жаяу жүрді", - делінген бейнежазбада.

Қатысушылар су мен ұйымдастырылған көлік болмағанын атап өтті.  

"Тек бізде ғана бәрі жақсы деп айта береді! Ал шындығында балалар су сұрап жылап, адамдар жаяу жүреді. Автобустарға ақы сұрайды. Әрине әркез тек қара халық зардап шегеді", "Туризм мен Қазақстанның сұлулығын көрсеткенге қарсы емеспін. Бірақ оны дұрыс ұйымдастыру керек. Ең алдымен, мұндай шарадан кейін адамдар азап шекпеуі керек. Үйге жағымсыз эмоциялармен келгеніміз өте өкінішті", – деп жазады пайдаланушылар.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 04 Мамыр, 2025 16:37
Талқылау