“Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайын жақ жоқ”: Украина туралы айтқандары үшін сынға қалған қазақстандық депутат көпшілікке жағдайды түсіндірді
Бұған дейін желіде Украина, Қазақстан туралы жазған ойлары үшін сынның астына қалған қазақстандық депутат Никита Шаталов жұртшылыққа ақталып пост жариялады. Айтуынша, БАҚ оның айтқандарын кесіп алып өате таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Никита Шаталов Telegram арнасынан
Парламент мәжілісінің депутаты бұған дейін Каспий құбыр консорциумына пилотсыз ұшу аппараттары шабуыл жасағанда Украина тарабын Қазақстан жазалауы керек деп айтқан болатын. Одан кейін бірнеше уақыттан соң ол Ақ үйдегі Украина президенті Зеленскийдің Трамппен кездесуін сынады. Осыдан соң, оның басы дауға қалып, жұртшылық арасында оған “иноагент” деген пікірлер пайда болды.
Депутат кейін өзінің Telegram арнасында жағдайға байланысты ойын айтты.
“Қазақпыз ғой! Мен туралы жазылғандардың бәріне жауап ретінде бір ғана нәрсені айтқым келеді. Менің жаным орыстан көрі қазаққа жақын. Бұл менің басты болмысым. Осы уақыт ішінде мені ватикан, иноагент және кремльді қолдаушы деп атағандар болды. Алайда бұл жалған. Барлығын өзекті мәселелердегі өз ұстанымыма мұқият қарауға шақырамын.
Соңғы кездері менің айналамда көптеген түсініспеушіліктер туындауда. Кейбірі өмірбаянында туған жері ретінде ҚазКСР-ні әдейі көрсеткен десе, енді бір ресейлік БАҚ менің сөздерімді контекстен бөліп алып, басқа мағынада таратып жүр. Соңғы айтқандарымды түсіндіре алмайтынымды мойындаймын. Бұл менің қателігім. Дегенмен егер сіз оны толық оқымасаңыз немесе көрмесеңіз ғана басқаша ойлауыңыз мүмкін”, – деп ақталды ол.
Никита Шаталов жалған ақпарат таратқандармен күресетінін де ескертті.
“Желіде желдей таралып жатқан тақырыптардың артында шындық жоқ. Бірақ ашық манипуляциялар мен ақпараттық интервенциялар жүріп жатыр. Мәжілісте жұмыс істегелі бері мұндайлармен үнемі күресіп келемін. Алайда бұл жолы да дәл осылай қалдырмаймын.
КСРО -сыз тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келгеніме бақыттымын. Осында өстім, үйлендім, балалы болдым. Менің басқа отаным жоқ және болмайды. “Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайын жақ жоқ!”, демекші мұндай жағдай келесіде қайталанбайды”, – деп қосты ол.