"Суретімізді үстелінен көріп қалған": Жанқош Тұраровтың әйелі қара магиямен айналысатындарға ескерту жасады
Танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса дуа жасайтын адамдардың көбейгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/klarita_os/
Желі жұлдызы үйінен күдік тудыратын заттарды тауып алғанын айтты.
“Қозғайтын тақырыбым өте күрделі. Жалпы, дуа, сиқыр, қара магия дегенге сенесіңдер ме?! Соңғы кезде түрлі күдік туғызатын заттарды тауып алып жатырмыз. Суреттерімізді сол іспен айналысатын адамның үстелінен көріп қалдық деген адамдар бар. Ешкімгі білдірмей фотоға түсіріп те алыпты. Осы жағдай қатты ой салып отыр. Әрине басында мән бермеуге тырыстық. Көбірек дұға жасай бастадық. Аллаға тапсырдық. Бірақ түстер кіріп, небір күдікті заттарды тауып алып жатқанымызды жоққа шығарғым келмеді. Мән бермеске болмады. Дуа мен магия дегендер көп адамның басында бар екен. Маған толассыз хат келіп жатыр”, – деп жазды блогер келіншек.
-
"Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін": Жанқош Тұраровтың әйелі желіде жан сырын ақтарды
-
Жанқош Тұраров қыз зорлады деп айыпталғаннан кейін чемпиондық атағынан айырылады – БАҚ
Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды.
Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі есімді ару танымал композитордың қызы болып шықты.
Одан кейін "Есікті күзетіп, түнімен хабарласады" деп Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлінің әрекетіне ашуланған еді.