Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Супермаркет күзетшісімен болған жанжалдан кейін балаға дәрігердің көмегі қажет болды

Супермаркетте балалардың қатысуымен тағы бір оқиға орын алды. Қарағандыда күзетші 10 жастағы екі баланың шоколад ұрлағанынан күдіктенген. Олар бірден тінтуге кіріскен. Алайда ұрлық расталмады. Есесіне балалардың біріне дәрігердің көмегі қажет болды. Болған оқиғадан құлақтанған ата-аналар полицияға хабарласқан.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Влад пен Нұрмұхамет сабақтан соң түрлі тәттілер сатып алу үшін дүкенге кіреді. Олар шоколад сатып алып, кассада есеп айырысқан. Алайда үйіне беттеген екі оқушыны күзетші ғимараттан шығармай қойған.

«Біз ұрламағанымызды айттық. Мұнан соң ол бізді жертөлеге алып барды. Ол жерде тінту бөлмесі бар екен-мыс. Бізді тінтігенімен, ештеңең таппады. Содан кейін үйге қайтуымызға рұқсат етті», – дейді Нұрмұхамет.

Балалар үйге жетісімен болған оқиға жөнінде ата-аналарына айтқан. Өз кезегінде олар дүкенге барып, түсінік берулерін талап еткен-ді. Осы кезде күйзеліс салдарынан оқушылардың бірінің жағдайы нашарлағандықтан, жедел жәрдем шақыруға тура келеді. Дәрігерлер балаға тыныштандыратын дәрі берді.

«Әрине, балалар қорқып қалған. Оларды еңгезердей екі ер адам жертөлеге алып барып, тінтіген. Баламыздың бассүйек ішіндегі қысымы бар. Сондықтан сәл күйзеліске түссе болды, басы ауырып, құсады. Дүкен әкімшілігі әлі күнге дейін хабарласып, кешірім сұраған жоқ», – дейді Владиславтың анасы Елена Ключенко.

Анықталғандай, күзет агенттігі дүкенге келісім шарт бойынша қызмет көрсетеді. Дүкен әкімшілігі орын алған оқиғаға байланысты пікір білдірмеді. Ал ашулы ата-аналар полицияға арызданды.

«Мәселе кәмелет жасқа толмағандарға қатысты болса, бұл жағдайда бірден ата-аналарына хабарланады. Және барлық іс-шара олардың қатысуымен жүргізіледі», – дейді  «Гарант» тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының төрағасы Жасұлан Айтмағанбетов.

Оқушылардың ата-анасы сотқа қуыным арызын дайындауда. Олар келтірілген моральдық залал үшін кәсіпкерлерден өтемақы талап етпек.

Жіберіп алмаңыз: 

Атыраудағы «ҚазАвтоЖол» бөлімінің басшысы 73 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін ұсталды

Тараздық полиция қызметкері параны дәмхана мен монша төлемі ретінде алып келген

ІІД: Балтамен қаруланған қылмыскер Kaspi Bank бөлімшесінен шамамен 23 миллион теңгені қолды қылды

Өлгендер қатарына қосылған шымкенттік өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Талқылау