Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)
Осыдан бірнеше апта бұрын Баян Есентаева Youtube видеолар желісінде блог жүргізе бастаған-ды. Продюсер бұл жолы кезекті шығарылымның алдында сұлулығының құпиясымен бөлісіп, аздаған жарнама жасады. Десе де, ол биоревитализация процедурасын алғаш рет жасатып тұрғанын жасырмайды.
Фото: instagram.com/bayanyessentayeva_/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Осы уақытқа дейін Баян Мақсатқызының сұлулыққа пен дене сымбаты тақырыбындағы видео блогтар жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Продюсер аталған блогтарда сұлулығының құпиясымен бөлісіп, кәсіби мамандардан кеңес ұсынады. Мұнымен қатар, барлығын өз тәжірибесінен өткізеді. Соңғы рет 195 мың теңгеге лазер көмегімен жасару процедурасын жасатқан болатын.
Продюсер сыр бермеуге тырысса да, алғаш рет жасап жатқан процедураның өзіне аса ұнамайтыны байқалады. Видеода косметолог маман тіпті жұртты шошытпауды сұрайды.
Видеоны көрген желі қолданушыларының бірі түрінің ұсқынсыз екенін айтса, енді бірі бұл процедураның бағасын сұрап жатқан-ды. Көпшілік Есентаеваның бетіне ине салдырғанын көріп, қатты шошығандарын жасырмайды.
Биоревитализация – арнайы препараттардың микро-инъекциясы. Негізінен гиалуринді қышқылдан жасалады. Бет терісіне ине арқылы құйылады. Бастапқыда бет майда төмпешіктерге толып, 3-4 күндей ісіп жүреді. Аталған процедура бетті ылғалдандырып қана қоймай, майда әжімдерді жазады.
Оқи отырыңыз:
Баян Есентаева “Гламур для дур” комедиялық фильміне түспек
Баян Есентаева YouTube видеолар желісінде өзінің жеке блогын жүргізбек
Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді