Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Суықтан балалар ауырып жатыр": Алматы облысында тұрғындар пәтерлеріне жылу берілмегеніне шағымданды

Алматы облысындағы Боралдай кентінің тұрғындары пәтерлеріне жылу берілмегенін айтып шағымданды. Айтуларынша суықтан балалар ауырып жазыла алмай жүр. Тұрғындар электр пеші мен газды қосып жан бағып отырғандарын жеткізді. Олар билктің жылыту маусымына уақытында дайын болмағанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларына

Бес қабатты үйдің тұрғындары өздерінің наразылықтарын білдіру үшін Боралдай ауылының көшелеріне шықты.

“Менің мұнда тұрып жатқаныма 20 жыл болды. Сол 20 жылда біресе су жоқ, біресе жарық, біресе жылу болмайды. Жылу бізге бәрінен кеш беріледі. Үйдегі кішкентай балалар ауырып жатыр. Жылытқыштарды қосып, жарықты айналдырып отырмыз. Тіпті оның күші жетпегеннен газды қосамыз. Осылай өмір сүрудеміз”, – деді Людмила Валиева.

Людмила Валиеваның айтуынша үйде балалар мен ересектер жылы киім мен бірнеше жұп шұлық киіп жүреді. Бірақ бұл да көмектеспейді. Бөлмелер суық және ылғал. Үш бала үнемі ауырғандықтан газ плитасын да қосуға мәжбүр екен.

“Киіммен жүреміз. Балаларды жылы киіндіреміз, екі көрпенің астында ұйықтаймыз. Батареялардың барлығы суық, мұздай. Киімдерді бір апта бұрын жудым. Әлі дымқыл, кеппейді. Балалар үнемі ауырады қызулары көтеріліп, жөтеліп жатыр”,- деп қосты ол.

Қиын жағдай Боралдай кентінің 26 үйінде орын алды. 517 пәтер жылусыз отыр. Тұрғындар жергілікті шенеуніктердің жылу маусымына неге алдын-ала дайындалмағанын түсінбейді.

“Бізге екі жаңа қазандық қойылып жатыр дейді. Неліктен олар мұның бәрін уақытында жасамады? Ең болмағанда қыркүйекте, жаздың соңында дайындалса болады ғой! Қазір түн суық. Күндіз күннің сәулесіне жылынуға тырысамыз. Ал түнде жылытқыштарды қосамыз”, – деді Ринат Арыстамбаев.



Жергілікті шенеуніктер мұның тозған желілерге байланысты екенін айтты. Сондықтан олар қазанды ауыстыруды шешкен. Жаңа жабдық үшін бюджеттен 650 миллион теңге бөлінген.

“Алматы облысының мәслихаты қолданыстағы қазандықтарды ауыстыруға 650 миллион теңге бөлді. Олар 90% - ға тозған. Қазір мердігер ұйым жұмысты іс жүзінде аяқтады. Жақында біз тұрғындарға осы сәттердің барлығын түсіндірдік. Демек, жұмыс жүргізілуде. 23 қазан күні біз толығымен іске қосамыз”, – деді Іле ауданының ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әуелбек Майшыбаев.

Шенеуніктер ауыл тұрғындарынан шыдамдылық танытып, келесі аптаға дейін күтуді сұрады. 

Талқылау