"Судмедэкспертиза нәтижесі шықты": Ләйлә Сұлтанқызы Fly Arystan-ға қатысты даулы мәселені айтты
Fly Arystan әуе кемесінде көзін жарақаттап алған Ләйлә Сұлтанқызы істің енді басталғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
БАҚ өкілі судмедэкспертизаның қорытындысын көрсетті.
“Достар, қайырлы күн! Fly Arystan-мен дау қалай болып жатыр деп сұрап жатыр екенсіздер. Экспертизаның қорытындысы шықты. 20 күннен кейін дайын болыпты. Көшірмесін өтініш жазып алдым. Мына жерде де жазылған. Көзімнің көгергенінен бастап, бүкіл жарақатымның жазбаша нұсқасы қағазға түскен. Енді адвокатыма тапсырамын”, – деді журналист.
-
Ұшақта апаттық есікті ашып жіберген қазақстандық FlyArystan-ға 10 миллион теңге айыппұл төлейді
-
Алматы әуежайында бүлік шығарған: Fly Arystan жолаушысына қатысты сот үкімі шықты
Еске салайық, журналист оқыс оқиғаға Шымкенттен Астанаға ұшып келе жатқанда тап болған.
“Кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ”, – деп ашуланған еді медиа маманы.
Айта кетейік, бұған дейін Fly Arystan әуе компаниясының қызметкерлері мен жолаушылары арасында жанжал болғанын жазған едік.