"Судан шығаруға жүзге жуық адам көмектескен": Үндістанда жағаға жақын маңнан бес тонналық акула ауланды
Фото: Видеодан скриншот
Үндістанда балықшылар салмағы шамамен бес тонна, ұзындығы тоғыз метр болатын алып кит акуласын аулап алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл – әлемдегі ең ірі балық түрі.
Odisha TV мәліметінше, 3 желтоқсанда Баласор қаласы маңында теңізге шыққан балықшылардың ауына осы алып акула басқа балықтармен бірге түсіп қалған. Кит акуласы жағадан небәрі 200 метр қашықтықта ұсталған.
Балықшылар мұндай алыпты өз күштерімен жағаға шығара алмағандықтан, арқанның көмегімен оны сүйреп шығаруға шамамен жүзге жуық адамның күші қажет болды.
Аймақта мұндай көлемдегі кит акуласының бірінші рет ауға түсуі жергілікті тұрғындар мен туристердің үлкен қызығушылығын тудырды. Көпшілік жағажайға арнайы келіп, сирек кездесетін олжаны көруге және суретке түсіруге асықты.
Айта кетейік, бұған дейін 15 жастағы жасөспірім екінші докторлық дәрежесін алып, үшіншісіне дайындалып жатқаны хабарланған еді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады