Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Субұрқақ шомылуға арналған орын емес": Дәрігерлер балалар мен ата-аналарды сақ болуға шақырды

Фото: Ru.freepik.com

Жаз басталып, субұрқақта балалар алаңсыз ойнайтын кезеңде дәрігерлер ата-аналарды байқам болмауға шақырды. Мамандар балалардың жарақат алып немесе тоқ соғу қаупі барын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәрігерлер субұрқақтың суы залалсыздандырылмайтынын атап өтті. Сол себепті бала лас су жұқпалы ауруларға себеп болуы мүмкін екенін ескертті. 

“Субұрқақтарда әртүрлі ауру таратушылар болуы мүмкін. Себебі ол жерде қаңғыбас иттер, құстар шомылып жүреді. Олар – инфекциялық және паразиттік аурулардың тасымалдаушылары. Әсіресе, менингит, рота-вирус, норо-вирус сияқты аурулар аса қауіпті”, – дейді СЭС басқармасының басшысы Асель Битаева.

Сәтбаев қаласының жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Талғат Айымбетовтың айтуынша, субұрқақтағы су санитарлық талаптарға сай тексерілмейді.

“Бізге құлақ қабынуы (отит), ішек инфекциялары мен ротавирустар, гепатит, саңырауқұлақтар, тері аурулары, тіпті көздің шырышты қабаттарының іріңдеуі сияқты шағымдармен жиі келеді”, – дейді дәрігер.

"Шомылуға тыйым салынған" деген белгілер әрбір субұрқақтың жанында орнатылған. Алайда балалар бұл ескертулерді де, ата-аналардың сөздерін де елемейді.
“Мен субұрқақта су шашып ойнағанды жақсы көремін, бұл өте қызық қой”, “Субұрқақта шомылғанды ұнатамын, бірақ анам рұқсат бермейді”, “Немерем субұрқақта шомылғаннан кейін оған ротавирус деген диагноз қойылды. Әрине, бұдан кейін шомылуға рұқсат бермейміз”, – дейді тұрғындар.

Мамандар балаларға “субұрқақ шомылуға арналған орын емес” екенін түсіндіруді ұсынады. 

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 10:08
Талқылау