Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккендерге ақша аударған: Алматылық оқушы Тоқаевтың алғыс хатын алды

Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескені үшін 3-сынып оқушысы Дәулен Бауыржанұлына алғыс хат табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алыс хат табыстады.

Қазақстан президенті 9 жасар Дәуленнің игі ісін жоғары бағалап, оны нағыз отансүйгіштіктің үлгісі деп атап, ұлдың бойына асыл қасиеттерді сіңірген ата-ана мен ұстаздарына алғысын білдірді.



Дәулен Бауыржанұлы – Ш.Уәлиханов атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушысы. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың фотоларын көрген Дәулен олимпиадаға қатысамын деп жинаған 25 мың теңгесін арнайы қорға аударған.

Дәулен – үздік оқушы, оның сүйікті пәндері математика, информатика, жаратылыстану. Ол бірнеше рет "Алтын сақа", "Кенгуру", "Ақбота" олимпиадаларының жеңімпазы болған.

Еске салайық, су тасқыны кезінде Құлсарыда 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шеккен. Соның ішінде 93 бас ірі қара, 697 бас ұсақ мал, 55 бас жылқы, 31 бас түйе, 532 құс бар. Бүгінде азаматтардан түскен барлық өтініш бойынша өтемақы толық төленді.

Талқылау