"Су тасқынынан кейін жөндеу көрмеді": Тобыл жағалауында қараусыз қалған жағажай қостанайлықтардың ашуын тудырды
Фото: Видеодан скрин
Тобыл өзенінің жағасындағы қараусыз қалған жағажай көрінісіне тұрғындар шағым білдірді. Су тасқынынан кейін бұл жерде әлі күнге дейін тазалық жұмыстары жүргізілмеген. Брусчаткамен төселген жолда шөп өсіп, киім ауыстыру кабинасы қирап жатыр. Ал әкімдік жазда жағажай аумағында қонақүй құрылысын бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрын бұл жер демалыс орны болған. Алайда адам көп келмейтін, танымал емес жер болған. Сосын әкімдік мұны бақылаудың қажеті жоқ деп шешкен. Енді олар бұл жердің инвестициялық жобаға берілгенін хабарлап отыр.
“Қазір бұл жер учаскесі "Тобол сити" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша жалға берілген. Компания Тобыл қаласында тіркелген және қонақүй салуға ниетті. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп жатыр. Жақында мемлекеттік сараптамадан өтуі керек”, – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Қайрат Әбішев.
- Павлодарлық омарташы су тасқыны кезінде қырылған аралары үшін 2,8 миллион теңге өтемақы өндіріп алды
Әкімдік "Мариотт" қонақүйін салу үшін топырақ үйіндісі биіктетілетінін, сондықтан бұл жерге су көтерілмейтінін мәлімдеді. Ал су қорғау аймағы мәселесіне келсек, инспекция заң бұзушылық жоқ екенін айтты.
“Жоба инспекциямен келісілген, бірақ белгілі бір шартпен. Компания бұл аумақ көктемгі тасқын кезінде су астында қалатынын біледі. Құрылыс нысаны Тобыл өзенінің су қорғау аймағында орналасқан. Су кодексінің 125-бабына (Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттарда пайдалану) сәйкес, су қорғау аймақтарында су заңнамасының талаптары сақталған жағдайда құрылыс жүргізуге тыйым салынбайды”, – дейді "Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" РМУ.
Облыстық әкімдік құрылыс туралы айтуға әлі ерте екенін, барлық тараптар тәуекелдерді ескеретінін және мемлекеттік сараптаманың нәтижесі күтілетінін хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда лауазымды тұлғалар "Набережная" жағажайын салуға бөлінген 170 миллион теңгені жымқырғаны туралы жазған едік.

"Университетте тегін оқып, әлеуметтік көмек ала алады": Грин карта арқылы АҚШ-қа көшіп кеткен қазақстандық жұптар оқиғаларын айтып берді
