Су ішінде тамақтанған Әлия Телебарисова “мақтаншақ” деген атқа қалды
Тұрмыс құрып, ана атанғалы бері актриса Әлия Телебарисова көгілдір экраннан көрінбей кетті. Қазір ол бар уақыты мен көңілін жолдасы мен сәбиіне арнауда.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Instagram парақшасынан Әлияның отбасымен жиі саяхаттайтынын байқауға болады. Мәселен, жуырда актриса күйеуі Азаматпен және қызымен бірге Анталияға бет алған.
Бірнеше күннен бері сылқым көздің жауын алатын суреттерімен бөлісіп, желідегі оқырмандарын қызықтырып жүр.
Ал осыдан бір сағат бұрын Телебарисова судың ішінде таңғы ас ішіп отырған суретін жариялап, елдің талқысына түсті.
Фолловерлердің бір тобы әдемі көрініс шыққанын айтып, Әлияға демалысының ойдағыдай өтуін тілесе, екіншілері актрисаны «мақтаншақ» деп сөкті. Мәселен:
“Бір ғана суретте не деген көп мақтангерлік. Қайдасыңдар, нағыз дана әрі шынайы қазақтар?” – деп таңданысын білдірді оқырмандардың бірі.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы балаларды ұрмай, ұрыспай тәрбиелеуге шақырды
Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты
Нұртас Адамбайдың киносын ұрлап көрсеткен кәсіпкер 11 млн теңге төлеуі мүмкін