Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Су алуға шығып, оралмаған": Қазақстандық әйел күйеуінің сөзіне сеніп, балаларымен көшеде қалған

Фото: "Қорғау" дағдарыс орталығы

Астаналық "Қорғау" дағдарыс орталығы мешіт маңынан жүкті әйел екі баласымен бірге табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CMN.KZ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дағдарыс орталығы мамандарының айтуынша, әйел мен балаларды орталыққа полиция қызметкерлері жеткізген. Отбасы Шымкент қаласынан Астанада жұмыс істейтін ер адамға келген.

Алайда ер адам әйелін балаларымен бірге танысының пәтеріне қалдырып, "су алуға шығып келемін" деп кеткеннен кейін байланысқа шықпай қойған. Таңертең пәтер иесі әйел мен балаларды үйден шығарып жіберген. Осыдан кейін олар мешіт маңында көмек сұрауға мәжбүр болған.

"Орталыққа жеткізілген кезде балалардың қатты шаршағаны байқалды", – деді дағдарыс орталығы қызметкерлері.

Әйелдің айтуынша, ол ер адаммен бұрын заңды некеде тұрған. Олар бір балалы болғаннан кейін ажырасқан. Біраз уақыттан соң ер адам отбасын қайта құруға уәде беріп, қайта араласа бастаған. Алайда екінші баласы дүниеге келген соң, ол тағы да отбасын тастап кеткен.

Кейінірек ер адам қайта хабарласып, бірге тұру ниеті бар екенін айтқанымен, ата-анасы рұқсат бермей отырғанын алға тартқан. Кейін ол Шымкентке өзі келіп, сол кездесуден соң әйел жүкті екенін білген.

Жүктілік туралы хабардан кейін ер адам отбасын Астанаға шақырған. Алайда әйел дағдарыс орталығында болған екі күн ішінде ер адамның нақты шешім қабылдамағаны анықталған. Ол бірде "келіп алып кетемін" десе, бірде "әзірше орталықта тұра тұр", енді бірде "Шымкентке қайт, кейін өзім алып кетемін" деп хабарламалар жолдаған.

Дағдарыс орталығының мәліметінше, ер адам балаларға алимент төлемеген. Әйелдің өзінде бар болғаны 10 мың теңге ғана болған.

Осылайша, "Қорғау" дағдарыс орталығы отбасыға Шымкентке қайту үшін жол билеттерін сатып алып берген. Ал жолға шығардан бір сағат бұрын ер адам тағы да отбасын алып кететінін жазып, артынан орталық қызметкерлерінен әйел мен балаларды тезірек Шымкентке жіберуді сұраған.


"Денесін мәйітханаға жібермеуге көндірді": Шымкентте жүкті әйелдің туыстары баланың жатырда шетінеп кеткеніне дәрігерлерді кінәлап отыр


"Мені жүкті етіп тастап кетті": Желіде қазақстандық қыз Оразалы Досбосыновтың ұлына ауыр айып тақты


 

Еске салайық, бұған дейін Астанада із-түссіз жоғалған 19 жастағы студент Темірлан Темірхан өлі күйінде табылды. Жігіт сабақтан шыққан соң үйіне оралмаған. Үш күн бойы еріктілер мен полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп, оның денесін қала шетіндегі ағаштардың жанынан тапты. Полиция мәліметінше, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Темірлан 1-курс студенті, шет тілі мамандығында оқыған, ашық және тәртіпті мінезімен танылған. Ол жатақханада тұрмаған, Талапкер ауылынан қатынап оқыған.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 16 Желтоқсан, 2025 16:11