Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стюардесса ұшу кезінде жағдайы нашарлаған пилотты алмастырды

Германиялық TUIfly әуе компаниясының стюардессасы ұшу кезінде екінші пилоттың міндетін өзіне алды.

858x540

Бұл туралы Neue Presse хабарлайды.

Ұшу кезінде екінші ұшқыштың жағдайы нашарлап, міндетін атқара алмай қалған.

Басылымның мәліметінше, оқиға өткен жылдың қазан айында болған, алайда бұл туралы БАҚ енді ғана жариялап отыр. Ганноверден испаниялық Майорка аралына ұшып шыққан ұшақтағы екінші пилоттың басы айналып, жағдайы кетеді.

Ол ұшақты басқара алмайтынын сезген мезетте, стюардессалардың бірі оның орынына ұшақ тізгініне отырған. Нәтижесінде Boeing 737-800 әуе кемесі жерге сәтті қонған.

Екінші ұшқыш жерге қонысымен дереу ауруханаға жеткізілген.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 20 жастағы биші жігіт қошқарды 230 рет көтеріп жеңімпазатанды (видео)

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Ақтауда қоғамдық дәретхана опырылып балалар астында қала жаздады (видео)

Қытайлық жүргізуші 20 орындық автобусқа 74 баланы отырғызып көлік айдаған (видео)

Талқылау