Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студенттерді уақытша тіркеу қалай жүргізіледі

Алдағы уақытта студенттердің қысқы демалыстан кейінгі оқу маусымы басталады. Жаңа заңнамаға сәйкес, стуенттер де уақытша тіркеуге тұруы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170109102310

Тілші Астана қаласының Есіл аудандық xалыққа қызмет көрсету орталығынан студенттерді уақытша тіркеуге алу бойынша кеңес алды. Орталықта отырған көші-қон саласының маманы Гулмира Әбілтаева студенттер өздері оқитын жоғары оқу орны бойынша уақытша тіркеуге алынатынын айтты. Ол үшін университет немесе институттың өтініш xаты және студенттің жеке құжаттары қажет. Уақытша тіркеудің құны – 227 теңге.

“Енді, студенттердің бәрі бір-бірлеп келсе, мына жердің не болып кететін елестете беріңіздер. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орнының атынан берілетін өтініш xатқа барлық студенттердің аты-жөнін енгізіп, бір жауапты адамның университет шәкірттерін тіркеуге қойғаны дұрыс. Олай істеп жатқандар бар. Дегенмен, мыңдаған студентті бір уақытта тіркеуге қою қиын ғой. Сондықтан университет өкілдері бәрін топтастырып, 300 адамнан әкелсе де болады”, – дейді Әбілтаева.

ҚР ІІМ тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірген еді.

Талқылау