Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Street Workout KZ» челленджі: Мөлдір Әуелбекова келесі эстафетаны Бауыржан Байбекке жолдады (видео)

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова және ән орындаушы Райым Уайыс ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Street Workout KZ» жобасына қатысып, кезекші эстафетаны Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке жолдады.

«Street Workout KZ» челленджі: Мөлдір Әуелбекова келесі эстафетаны Бауыржан Байбекке жолдады

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық жұлдыздар еліміздегі бұқаралық спортты дәріптеу үшін толыққанды жаттығу ұйымдастырды. Олар жаттығуға австралиялық үлгіде тартылуды қосып, қоссырық пен турникке тартылды.

«Мен спортпен шұғылданамын. Ал бала туғаннан кейін белсенді түрде жаттыға бастадым. Бірақ бұл жаттығу маған қиын болды. Бүкіл бұлшық етті сезіндім. Жастар, көшедегі спорт алаңдарына барыңыздар! Қоссырық пен турникте бүкіл денені жаттықтыруға  болады», – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Ал, Райым Уайыс воркаут-челлендж жаттығуларын орындау қиын болмағанын мойындады. Себебі, ол дене шынықтырумен айналысу үшін жаттығу залына жиі барады екен.

Бүгінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Street Workout KZ» жобасына қатысқан қазақстандық әншілер эстафетаны Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке тапсырғылары келетіндерін айтты.

«Біз келесі эстафетаны Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке және «Қазақ радиосының» директоры Мәди Манатбекке, сонымен қатар өнердегі әріптестеріміз Талғат Жорабаев пен Ермек Мұқашовқа жолдағымыз келеді. Біз сіздерді шақырамыз», – деді Мөлдір Әуелбекова мен Райым Уайыс.

Тағы оқыңыз: 

Өз шындығым бар: Луина сүйіктісімен не себепті айырылысқанын ашып айтты

Сотталған актер Ерлан Біләл 16,5 миллион теңге айыппұлды төлей алмай жатыр

Аша Матай “Қалаулымның” мерекелік күнгі эфирінде ұятқа қалды (видео)

Голливуд жұлдызындай: Қазақ актрисасы Канн кинофестивалінде әлем халықтарының назарын аударды (фото)

Талқылау