Стратег Марат Тәжин Ақордаға қайта оралды
Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Марат Тәжин қайтадан елге оралды. Бұл туралы КТК хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев оны Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен алып, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Бұған дейін бұл міндетті атқарған Бағлан Майлыбаев отставкаға жіберілген. Әзірге ол жұмыссыз.
Ал 3 жылға жуық Мәскеуде өмір сүрген Марат Тәжинге жаңа қызметі таңсық емес. Ол 2002-2006-шы жылдары да президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған еді. Осы аппаратта ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген саясаттағы салмағы ауыр тұлға кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып, Сыртқы Істер министрі де болған.
Енді 57 жастағы cтратег Тәжин ішкі идеологиямен айналысып, мемлекеттің ақпараттық саясатына жауап береді.
Оқи отырыңыздар:
Серік Ахметов рақымшылық сұрады
Қуандық Бишімбаев кемінде 15 жылға сотталуы мүмкін
Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды