Странджа кубогында үш қазақ боксшысы жартылай финалға шықты
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа-2025 халықаралық жарысында үш қазақ боксшысы жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
86 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Бекзат Нұрдаулетов француздық Абдуллая Траоеремен жолығып 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасынан алғаш болып жартылай финалға жолдама алды.
86 келіде тағы бір қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай да өз қарсыласын жеңіп жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз ширек финалда ағылшындық Скотт Тигнды 5:0 есебімен ұтты.
Жақында 92+ келіге ауысқан Париж-2024 олимпиадасының күміс жүлдегері Айбек Оралбай жаңа салмақта жартылай финалға жолдама алды. Ирландия елінің өкілі Готстайн Идемудияны қазақстандық боксшы 5:0 есебімен оңай ұтты.
Бұған дейін, 54 келі салмақта жарысқа келген қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның жарыста сырқаттанып қалған еді.
Сондай-ақ Странджа кубогында төрт боксшымыздың шаршы алаңда жеңіліс тапқанын айтқан болатынбыз.