Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стористі анонимді көру, өз сторисін тағы 24 сағатқа созу: Instagram жаңа функция іске қосылмақ

Хакерлер Instagram желісінің 17,5 миллион пайдаланушысының деректерін ұрлаған

Meta өзінің премиум Instagram Plus жазылымын бірнеше елде сынақтан өткізе бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

TechCrunch мәліметтері бойынша, екі ай бұрын компания Instagram, Facebook және WhatsApp үшін жаңа жазылымдарды іске қосу жоспарларын жариялады.

Instagram Plus жазылымы бірқатар қосымша мүмкіндіктерді ашады. Атап айтқанда, пайдаланушылар Stories-ті авторға көрінбей-ақ, жасырын түрде көре алады. Сондай-ақ оқырмандар да стористің қанша рет қаралғанын көре алады.



Сонымен қатар сторис үшін шексіз аудитория тізімдерін жасай алады, бұл оларға жазбаны кім көретінін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл барлық оқырманға немесе "Жақын достар" тізімі дегеннен ерекшеленеді.

Енді стористі қосымша 24 сағатқа ұзарту және жазбаны аптасына бір рет ерекшелеу мүмкіндігі пайда болады.

Оқырмандар анимациялық Superlike реакциясын жібере алады. Ал стористі көргендер  тізімінде іздеу мүмкіндігі қосылады, осылайша өзіңізге керек адам көрген-көрмегенін тексеруге болады.

Meta сынақтан өткізіліп жатқан елдердің толық тізімін жарияламады, бірақ желі пайдаланушыларының айтуынша, бұл мүмкіндік Мексикада, Жапонияда және Филиппинде қазірдің өзінде қолжетімді. Жазылым бағалары әртүрлі: Мексикада шамамен 2,20 доллар, Жапонияда 2 доллар және Филиппинде шамамен 1,07 доллар.

Қосымша ақылы мүмкіндіктердің енгізілуі Meta кірісін арттырады деп болжанды, бірақ кейбір пайдаланушылар жазылым қызметтерінің көптігіне наразылықтарын білдіріп жатыр.

Дегенмен Meta қазірдің өзінде ұқсас шешімдерге сұранысты көрсетіп отыр. Мысалы ақылы мүмкіндіктері бар Snapchat+ 25 миллионнан астам жазылушыны тартты.

Meta Instagram Plus сынақтан өткізуі толық көлемде іске қосылмас бұрын жалғасатынын атап өтті.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 12:40