Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стоматологиялар арқылы БЖЗҚ-дан заңсыз ақша алған адамдар жазалана ма: Қаржы мониторингі агенттігі жауап берді

тісФото: istockphoto.com

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистердің стоматологиялар арқылы БЖЗҚ-дан заңсыз ақша алған адамдар жазалана ма деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, БЖЗҚ зейнетақы жасына жеткенге дейін осы ақшаны салу және инвестициялық пайда алу мүмкіндігінен айырылып отыр.

"Сәйкесінше, бұл жерде жәбірленуші тарап – БЖЗҚ. Біз азаматтарға наразылық білдірмейміз, олар өз ақшаларын алды. Бірақ ақша шығарумен тікелей айналысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бүгінде бірқатар адамдарға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, іс тергеліп жатыр", – деді төраға орынбасары.

Ол атап өткендей, мәселе қордан заңсыз ақша шығару туралы болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тіс емдеуге деп 200 миллиард теңге ұрлаған топ ұсталды. Күдіктілердің қымбат көліктері, жылжымайтын мүліктері мен зергерлік бұйымдары тәркіленді. 
Атап айтқанда, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" қаражатты заңсыз шешіп алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Ол үшін ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы елдің әр өңірінде (Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа қалаларда) орналасқандай етіп 30-дан астам стоматологиялық клиникаларды пайдаланған.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 16:48
Талқылау