Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 тісін бір күнде емдеп өлтіріп алған: 3 жастағы қыз көз жұмған стоматология басшысы жаңа емхана ашты

Мекеме өкілдері емхана атауын ішкі өзгерістерге байланысты өзгерткенФото: Видеодан скрин/threads.com/@dr.nadezhda_khon

Әлеуметтік желіде наркоздан кейін оянбай қалған Зере Есентай тісін емдеткен Dent Park Ortho стоматологиясының директоры әрі иесі Надежда Хонның есімі талқыланып жатыр. Надежда Хон жаңа Himan Clinic деп аталатын емханамен жұмыс істеп жатыр деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 

Threads әлеуметтік желісінде тараған ақпаратқа сенсек, жаңа емхана Қайым Мұхамедханов көшесі, 19 мекенжайында ашылған. 

Астананың тұрғыны Айнұр Таменова Надежда Хон басшыылық қызмет еткен емхананың жабылып қалғанын айтты. 

“Жаңа клиниканы ашып қойды. Сол жерде наркоз кезінде қыз бала қайтыс болды. Олар қалай жаңа кәсіп ашады? Мен таңғалып отырмын. Теріс пікір жазбас үшін комментарийді жауып қойған”, – деп жазды желі қолданушысы.

Желідегілер сол қайғылы жағдайдан кейін қалайша медициналық кәсіпті қайта қолға алғанын түсінбей дал. Олардың бірі жаңа клиникада емделген. Сонда емхадан келісімшарт сұрағанда дөрекі қарым-қатынасқа тап болғанын айтты. Енді бірі бірнеше жыл бұрын емхана туралы жағымсыз пікір естігенін, бірақ мән бермегенін жазды. Алайда арасынан Надежда Хонның бір кездері мықты маман болып саналғанын айтты.

Himan Clinic-тің өкілдері заңды түрде жұмыс істеп жатқанын және бар лицензиялары бар екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, ішкі өзгерістерге  байланысты емхананың атауын өзгерткен. 

“Емхананың атауды өзгерту туралы шешім ұйымдастырушылық және басқарушылық өзгерістерге байланысты қабылданды. Науқастардың қауіпсіздігі мәселелерін қоса алғанда, барлық медициналық процестер белгіленген стандарттар мен протоколдарға қатаң сәйкес жүзеге асырылады”, – деп жауап берді Himan Clinic.



Сондай-ақ мекеме өкілдері барлық тексерулерге дайын екенін және уәкілетті органдармен өзара әрекеттесуге ашық екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада жеке стоматологиялық клиникада 3 жасар Зере Есентай 2024 жылғы 30 қазанда 18 тісін бір күнде емдеу кезінде көз жұмды. Наркоз жоспардан ұзақ созылып, медициналық бақылауда бірқатар бұзушылықтар анықталды. Дәл осы іс бойынша 25 қараша күні өткен сотта 3,5 жастағы Зере Есентайға көрсетілген емдеу сәті түсірілген кадрлар көрсетілген еді. Прокурор Еркебұлан Шалқаров сотта сарапшылардың қорытындысына сәйкес балаға тіс емдеу толық алдын ала тексерусіз жүргізілгенін мәлімдеді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 15:59